Ст. 127 ҚР Салық кодексi 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 120-VІ ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
127-бап. Салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімдерін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау
1. Салық органдары салықтық берешек туындаған күннен бастап төрт ай ішінде өтелмеген: дара кәсіпкерлердің, жеке практикамен айналысатын адамдардың – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 еселенген мөлшерінен асатын;
заңды тұлғалардың, олардың құрылымдық бөлімшелерінің – республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 150 еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегі бар салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Бұл ретте тізімдерде салық төлеушінің (салық агентінің) тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) не атауы, экономикалық қызмет түрі, сәйкестендіру нөмірі, салық төлеуші (салық агенті) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген болса) және салықтық берешегінің жалпы сомасы көрсетіледі.
2. Уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылған салық төлеушілердің (салық агенттерінің) тізімі осы бапта көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін салық төлеушілерді (салық агенттерін) қосу, сондай-ақ салықтық берешегін өтеген немесе салықтық міндеттемелері тоқтатылған салық төлеушілерді (салық агенттерін) шығару арқылы аяқталған тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей тоқсан сайын жаңартылады.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей