Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 129 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.02.2026

ҚР Салық кодексi
129-бап. Салық төлеушілердің жекелеген санаттарына салықтың асып кету сомасын қайтару тәртібі

1. Салықтың асып кету сомалары қайтарылуға жататын салық төлеушілердің жекелеген санаттарына:  

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт (кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды барлауға және (немесе) өндіруге арналған келісімшарттарды қоспағанда) шеңберінде қызметін жүзеге асыратын;  

2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша құрылысына байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алатын салық төлеушілер жатады. 

2. Салықтың асып кету сомасы:  

1) геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде;  

2) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасы бөлігінде қайтарылуға жатады.  

Осы тармақтың бірінші бөлігі 2) тармақшасының ережелері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес толық бітіріп берілетін құрылыс кезінде де қолданылады. 

3. Геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу мен кен орнын жайластыру кезеңі деп кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт жасалған күн мен жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күн арасындағы уақыт кезеңі түсініледі.  

4. Құрылыс басталған күн мен ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру күні арасындағы уақыт кезеңі құрылыс кезеңі деп түсініледі. 

Салықтың асып кету сомасын қайтару мақсатында мына күндердің неғұрлым ертерегі: 

1) құрылысты жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн;  

2) жобалау жұмыстарын жүзеге асыруға арналған келісімшарт (шарт) жасалған күн құрылыстың басталуы деп танылады. 

5. Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға: 

1) өнеркәсіптік ғимараттар мен қоймалар;  

2) көлік, байланыс және коммуникация ғимараттары;  

3) тұрғын емес ауыл шаруашылығы ғимараттары жатады.  

Спорт пен демалу орындарына, әкімшілік мақсаттарға, автомобильдер тұрағына немесе орынтұрағына арналған, сондай-ақ мәдени-ойын-сауық, қонақ үй, мейрамхана мақсатындағы құрылысжайлардан басқа құрылысжайлар өндірістік мақсаттағы құрылысжайларға жатады.  

Өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайларды осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген ғимараттар мен құрылысжайларға жатқызу негізгі қорлардың сыныптауышына сәйкес жүргізіледі. 

6. Салықтың асып кету сомасының анықтығын растау мақсатында салық төлеуші осы баптың 7-тармағында көзделген жағдайлар басталғанға дейін салықтық өтінішті ұсынуға құқылы.  

7. Салық төлеуші мынадай:  

1) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, кең таралған пайдалы қазбаларды, жерасты суларын және емдік балшықтарды қоспағанда, жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбалардың экспорты басталған күнге тура келетін салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу және кен орнын жайластыру кезеңінде сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін; 

2) мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдағаннан кейін инвестициялық жоба шеңберінде жүргізілген, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының актісіне қол қойылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – құны тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 150 000 000 еселенген мөлшерінен асатын инвестициялық жоба шеңберінде Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты 2024 жылғы 1 қаңтардан кейін сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару үшін; 

3) талап қоюдың ескіру мерзімін ескере отырып, ғимараттарды, құрылысжайларды пайдалануға беру жүргізілген салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңдер үшін – осы тармақтың 2) тармақшасында көзделмеген жобалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет пайдалануға берілетін өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлардың құрылысына байланысты сатып алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылған салық сомасының бір бөлігін қайтару туралы талапты ұсынады. 

8. Салықтық өтініш пен қайтару туралы талап негізінде осы Кодекстің 15-тарауына сәйкес тақырыптық салықтық тексеру жүргізіледі.  

9. Салықтың асып кету сомасын қайтару: 

1) осы баптың 7-тармағының 1) және 3) тармақшаларына сәйкес қайтару туралы талап ұсынылған салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнен бастап және салықтық тексеру актісіне қорытынды негізінде әрбір салықтық кезеңнің екінші айының 25-інен кешіктірілмей тең үлестермен жиырма салықтық кезең ішінде жүргізіледі. Салықтық тексеру актісіне қорытынды қайтару туралы талап ұсынылған тоқсанның екінші айының 5-інен кешіктірілмей жасалады және салық төлеушіге табыс етіледі; 

2) осы баптың 7-тармағының 2) тармақшасына сәйкес салықтың асып кету сомасын қайтару туралы талап көрсетілген салық бойынша декларацияны салық органына ұсыну үшін осы Кодексте белгіленген соңғы күн өткеннен кейін елу бес жұмыс күні ішінде жүргізіледі. 

10. Жобада көрсетілген мерзімде құрылыс аяқталмаған жағдайда, осы баптың 9-тармағының 2) тармақшасына сәйкес бұрын бюджеттен қайтарылған салықтың асып кету сомасы бюджеттен қайтарылған күнінен бастап бюджетке есепке жатқызылған күніне дейінгі әрбір күн үшін өсімпұл есепке жазыла отырып, салық төлеушінің бюджетке төлеуіне жатады. 

3-параграф. Қосылған құн салығын өзге де негіздер бойынша қайтару

Статья 1 ...127 128 129 130 131 ...848

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! В протоколе всё описано верно ,я ехала на разрешающий знак светофора, в меня въехали, ехали на запрещающий знак светофора, но при этом пишут опрашивали меня в качестве нарушителя руководствуясь частью 2 статьи 767 Кодекса РК. нужно ли опротестовать протокол?


Салеметсізбе .Мен Калкешова Асель ерекше баланың анасымын.Баламда Дцп.Мен медсесра болып жұмыс істеймін .Жолдасым екеуіміз ауысып отырып жұмыс істеп отырмыз.Сменамыз бір болып қалды енді осы жерді ауыстырып беріңіз десем,ауыстырмаған .Мені қорғайтын заң барма.


Салеметсізбе. Менің сұрағым ОНКОЛОГИЯ диагнозы бойынша. 2025 апрель айында асқазан онкологиясы 1-стадия диагнозы қойылды. Гистология цитология зерттеу нәтижесі бойынша, асқазанды түгел алып тастау керек деген МДГ комиссияның заключениесі бар. Және қосымша диагноздарда бар: сахар 2-тип, зоб гипотериоз, артериальное гипертензия. Асқазанды түгел алуға келіспедік. Сондада 20.052025 жыл асқазанның ¾ бөлігі яғни 75% асқазан алынып тасталды. Операция жасалып болғаннан қазірге дейін құсу тоқтаған емес. 08.08.2025 жыл Стеноз 1-стадия деген диагноз қойды тағы. Алматыда Сызғанов емханасында 08.09.20250 жылы Баллонное дилатация жасалынды. Бірақ еш көмегі болмады. Сонымен қайта тексеруден кейін 2.12.2025 МДГ комиссия асқазанды түгел алып тастау керек деген қайта заключение берді. Химия, луч әле тағайындалған жоқ. Жалпы жағдай орта. ( құсу тоқтамайды, іш түйіліп ауыру, іш қату, клизма жиі жасалады.) Әледе іздену, тексерілу, емделу үстіндеміз.Апрель айында басталды диагнозбен жүгіру. 2- операция жасалды. Біреуі 04.11.2025 жыл эндоскопиялық операция удаление полипа желудка. Осының бәрін 2025 жыл декабрь айында зорға дәлелдеп 1-жылға ғана 3- топ мүгедектік берді. (Шымкент қаласы, Еңбекші ауданы, Тогус-Мед емханасы ФТЭК бөлімі арасында осылай жүгірдік)

Онкология диагнозы диагнозын дәлелдеп, Фтэкке жүгіретін диагноз емес! Диагноз қойылғаннан бастап жаныңмен алысып, өміріңмен күресіп жүгіретін диагноз!

Мысалы жарақат алып аяқ қолы кесілген пациент жарасы жазылса, 10-20-30 жыл қалыпты өмір сүре бере алады. Ал онкопациенттердің өмір сүру ұзақтығы ғылыми медициналық зерттеуде нақты көрсетілген. Статистикасында 5-жыл деп. Ол 5-жыл диагноз қойылады стресс депрессия, операция жасалады постельный режим, химия луч шаш түсет, тағы химия жүдей бастайды. Сонымен көзінің нұры сөніп азып тозып соңы диагноз алып кетеді...

Гистология цитология бар, МДГ комиссия түгел тексеріп, асқазанның жарамсыздығын дәлелдеп отыр. Жұмысқа қабілеттілігі төмен.

Осындай жағдайда нешінші топ мүгедектік берілуі керек?

Менің пікірім: онкодиагноз қойылдыма, 3-лечениенің (операция, химия, луч) біреуі жасалдыма жедел 1 топ мүгедектік беру керек.


advokat.izimova.aktobe ( инстаграм) Изимова Яна Радиковна - адвокат. 8-701-680-11-17


Моему мужу объявили выговор, за просроченный отчет. Что за собой ведет выговор?

У них маленький оклад, и зарплата бонусами и премиями. После выговора его оставят только на окладе?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться