Ст. 258 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
258-бап. Шығыстардың жекелеген түрлері бойынша шегерімдер
1. Шегерімге мынадай:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгiленген нормативтік техникалық ысыраптар шегінде және (немесе) шектеулер ескеріле отырып, табиғи монополия субъектісі реттелетін тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді ұсыну мақсатында шеккен ысыраптар;
2) табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормалары шегiнде салық төлеуші (табиғи монополия субъектісінен басқа) шеккен ысыраптар;
3) алынған өтемақы сомасы шегінде тауарлардың баланстық құны мөлшерінде – бұрын шегерімге жатқызылмаған, жойылуына, бүлінуіне байланысты нұқсан келтірген тұлғадан залалды өтеу сомасы алынған тауарларды өндіру және (немесе) сатып алу бойынша шығыстар;
4) алынған сақтандыру төлемінің сомасы шегінде тауарлардың баланстық құны мөлшерінде – бұрын шегерімге жатқызылмаған, сақтандыру жағдайының басталуына байланысты сақтандыру ұйымынан сақтандыру төлемдері алынған тауарларды өндіру және (немесе) сатып алу жөніндегі шығыстар түріндегі ысыраптар жатады.
Осы бөлімнің мақсаттары үшін:
тауардың бүлінуі тауардың барлық немесе жекелеген сапасының (қасиетінің) нашарлауын білдіреді, соның салдарынан аталған тауар кіріс алуға бағытталған қызметте пайдаланылмайды;
салдарынан тауардың жойылуы немесе ысырабы орын алған оқиға тауардың шығыны деп түсініледі. Салық төлеуші табиғи кемудің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалары шегінде шеккен тауардың ысырабы шығын болып табылмайды;
Ысыраптар тиісінше ысырапты есепке алу күні немесе залалдың өтемақы сомасын, сақтандыру төлемінің сомасын алу күні тура келетін кезеңде шегерімдерге жатады.
2. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда салық төлеушінің келісімде, ұжымдық шартта, жұмыс берушінің актісінде:
1) міндетті, мерзімді (еңбек қызметi iшiнде) медициналық тексеріп-қарауға;
2) жұмыскерлердi ауысым алдындағы, ауысымнан кейінгі және өзге де медициналық куәландыруға (тексеріп-қарауға);
3) медициналық пункттерді күтіп-ұстауға немесе оларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерге;
4) жұмыскерлерді еңбек қауiпсiздігі, еңбекті қорғау және еңбек гигиенасы талаптарына, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сай келетін еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге;
5) жұмыскерлерді арнайы жабдықталған жерде демалу және тамақтану мүмкіндігімен қамтамасыз етуге;
6) жұмыскерлерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті жүзеге асыруға көзделген шығыстары шегерімге жатады.
3. Мыналарды:
осы Кодекстің 263-бабына сәйкес шегерімге жатқызылатын, өзара байланысты тараптар арасындағы кредит (қарыз) шарты бойынша тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды);
осы Кодекстің 286-бабы негізінде шегерімге жатқызылмайтын тұрақсыздық айыбын (айыппұлдарды, өсімпұлды) қоспағанда, ұйғарылған немесе танылған тұрақсыздық айыбы (айыппұлдар, өсімпұл) бойынша шығыстар шегерімге жатады.
4. Салық төлеушінің мәміледе белгіленген кепілдік мерзімі ішінде жүргізілген өткізілген тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жою жөніндегі іс жүзіндегі шығыстары шегерімге жатады.
5. Салық төлеушінің жеке кәсіпкерлік субъектілерінің:
1) бір жыл ішіндегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санын негізге ала отырып, бір жұмыскерге салықтық кезеңнің соңғы күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасына сәйкес жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестіктеріне;
2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекіткен міндетті мүшелік жарналардың шекті мөлшерінен аспайтын мөлшерде ҰКП-ға мүшелік жарналарын төлеу жөніндегі шығыстары шегерімге жатады.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларының ережелері есепті салықтық кезеңде алдыңғы және (немесе) оның алдындағы салықтық кезеңдер үшін мүшелік жарналар төленген жағдайда да қолданылады.
6. Салық төлеушінің:
1) МӘСҚ-ға аударымдар;
2) әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар;
3) жұмыс берушінің жұмыскердің пайдасына міндетті зейнетақы жарналары бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын мөлшердегі шығыстары шегерімге жатады.
Есепті салықтық кезең үшін шегерімге жатқызылатын, осы тармақта көзделген шығыстардың мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес:
1) есепті салықтық кезең және (немесе) есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдер үшін есептелген, ұсталған, есепке жазылған шекте есепті салықтық кезеңде;
2) есепті салықтық кезең үшін есептелген, ұсталған, есепке жазылған шекте есепті салықтық кезеңнің алдындағы салықтық кезеңдерде төленген аударымдар мен жарналар сомасында айқындалады.
7. Егер жарнама мақсатында өтеусіз (оның ішінде сыйға тарту түрінде) берілген тауар бірлігінің құны мұндай тауарды беру күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 5 еселенген мөлшерінен аспаса, салық төлеушінің мұндай тауардың баланстық құны мөлшеріндегі шығыстары шегерімге жатады.
Шегерімге жатқызу осындай тауарды беру жүзеге асырылған салықтық кезеңде жүргізіледі.
8. Салық төлеушінің жеке тұлғаларға мынадай төлемдер түріндегі шығыстары шегерімге жатады:
1) моральдық нұқсанды қоспағанда, жеке тұлғаның өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өтеу;
2) заңды күшіне енген сот актісі бойынша ұйғарылатын материалдық залалды, сондай-ақ сот шығыстарын өтеу сомалары.
9. Қазақстан Республикасының заңнамасында және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалған тәртіппен иеленетін және (немесе) пайдаланатын (оның ішінде лицензиялық немесе қосалқы лицензиялық шарт (келісім) негізінде) фирмалық атаумен, тауар белгісімен және (немесе) қызмет көрсету белгісімен тауарды өндіруді және (немесе) өткізуді жүзеге асыратын салық төлеуші мұндай тауарға меншік құқығының бар-жоғына қарамастан, оны сату көлемдерін ұстап тұруға және (немесе) ұлғайтуға бағытталған қызмет бойынша шығыстарды шегерімге жатқызады.
10. Осы бөлімнің мақсаттарында сенімгерлік басқарушыға осы Кодексте мүлікті сенімгерлік басқару жөніндегі қызмет бойынша салықтық міндеттемені орындау жүктелген жағдайда, осындай сенімгерлік басқарушының шығыстары шегерімге жатқызу мақсаттары үшін осы Кодекстің 66, 68, 69, 70 және 71-баптарының ережелері ескеріле отырып айқындалады.
11. Кәсіпорынды мүліктік кешен ретінде сатудан, осы Кодекстің 247-бабына сәйкес формула бойынша алынған теріс нәтиже шегерімге жатады.
12. Жүк тасымалдаушының Қазақстан Республикасының теміржол көлігі туралы заңнамасына сәйкес төленген уақытша теңгерімдеу төлемақысы бойынша шығыстарды шегеруге құқығы бар. Мұндай шығыстарды шегеру табиғи монополиялардың тиісті салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган белгілеген мөлшерлер шегінде жүзеге асырылады.
13. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, пошта жөнелтілімдерін тасымалдау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын теміржол тасымалдаушысына теміржол көлігімен жолаушыларды тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің қызметтерін өтеусіз негізде, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау кезінде магистральдық теміржол желісінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне арналған тарифке 0 мөлшеріндегі уақытша төмендету коэффициентін қолдана отырып көрсетуге байланысты Ұлттық инфрақұрылым операторы шеккен шығыстар шегерімге жатады.
14. Қызметті Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен жасалған көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт негізінде жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушы салық салынатын кірісті айқындау кезінде жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын банк салымы кепілі түрінде қамтамасыз етуді қалыптастыруға арналған аударымдар сомасын шегерімге жатқызады.
Көрсетілген шегерім жер қойнауын пайдаланушының салықтық кезең үшін Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде немесе Ұлттық пошта операторында орналастырылған банк салымына іс жүзінде жүргізген аударымдары мөлшерінде жүргізіледі.
Мұндай аударымдардың мөлшері мен тәртібі Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес базалық жобалау құжаттарында белгіленеді.
Жер қойнауын пайдаланушы жер қойнауын пайдалануға келісімшартты беру кезінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына сәйкес басқа жер қойнауын пайдаланушыдан көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын банк салымы кепілі түрінде қамтамасыз ету қаражатын алған жағдайда, мұндай қаражат:
Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы заңнамасына белгіленген тәртіпке сәйкес жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын банк салымы кепілі түрінде қамтамасыз ету қаражаты орналастырылған жағдайда, оларды алған жылы немесе оларды алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде оларды алған жер қойнауын пайдаланушыда жылдық жиынтық кіріске енгізілмейді;
оларды беретін жер қойнауын пайдаланушыда шегерімге жатқызылуға жатпайды.
Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жоюға салықтық кезең ішінде іс жүзінде жүргізілген және жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын банк салымы кепілі түрінде қамтамасыз ету (прогрессивті жою) қалыптастырылмайтын шығыстары олар жұмсалған салықтық кезеңде шегерімдерге жатқызылады.
Жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі міндеттемелерді орындауын банк салымы кепілі түрінде қамтамасыз ету қаражаты шегінде барлау және (немесе) өндіру кезеңі аяқталғаннан кейін жер қойнауын пайдаланушының көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі іс жүзінде жүргізілген шығыстары олар жұмсалған салықтық кезеңде шегерімдерге жатқызылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей