Ст. 261 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
261-бап. Директорлар кеңесі немесе өзге басқару органы мүшелерінің сапарлары бойынша өтемақыларды шегеру
1. Жүктелген басқарушылық міндеттерді орындауға байланысты салық төлеушінің директорлар кеңесі немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге де басқару органы мүшелерінің сапарлары бойынша шеккен шығыстардың өтемақысы шегерілуге жатады. Мұндай шығыстарға:
1) бронь мен багаж үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындайтын жерге және кері қайтуға жол жүру шығыстары;
2) бронь үшін шығыстарды төлеуді қоса алғанда, басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт ішінде тұру шығыстары;
3) директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесіне басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болған уақыт үшін салық төлеушінің шешімі бойынша белгіленген мөлшерде төленетін ақша сомасы;
4) келуге және кетуге рұқсаттарды (визаны) ресімдеу (визаның, консулдық көрсетілетін қызметтердің, міндетті медициналық сақтандырудың құны) жатады.
Шегерім осы тармақтың 1) – 4) тармақшаларында көрсетілген, оның ішінде электрондық нысанда ресімделген шығыстарды растайтын құжаттар негізінде жүргізіледі.
2. Осы баптың 1-тармағының мақсаттары үшін:
1) салық төлеуші дербес ресімдеген, директорлар кеңесінің немесе жоғары басқару органы болып табылмайтын өзге басқару органының мүшесін басқарушылық міндеттерді орындау үшін іс-шараға шақыруы, осындай іс-шара өткізілетін орын мен күн қамтылған құжатта көрсетілген межелі орын басқарушылық міндеттерді орындау орны болып табылады;
2) басқарушылық міндеттерді орындау үшін сапарда болу уақыты, кету және келу күндерін қоса алғанда, жол жүруді растайтын құжаттарда көрсетілген басқарушылық міндеттерді орындау орнына кету және кері қайтып келу күндері негізге алына отырып, күндер саны негізінде айқындалады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
ҚР Салық кодексi 490-бап. Есепке жатқызылатын қосылған құн салығының қосымша сомасы ҚР Салық кодексi 1-бап. Осы Кодекспен реттелетін сала Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 175-бап. Қорытынды ережелер ҚР Салық кодексi 487-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын айқындау әдістеріРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей