Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 549 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

ҚР Салық кодексi
549-бап. Акциз төлеу мерзімдері

1. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, акцизделетін тауарларға арналған акциз есепті салықтық кезеңнен кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей бюджетке аударылуға жатады. 

2. Алыс-беріс шикізаты мен материалдардан өндірілген акцизделетiн тауарлар бойынша акциз одан әрі экспортқа өткізілетін өнімді беруді қоспағанда, өнім тапсырыс берушіге немесе тапсырыс беруші көрсеткен тұлғаға берілген күні төленеді. 

3. Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шикі мұнайды, газ конденсатын өнеркәсіптік қайта өңдеуге беру кезінде акциз олар берілген күні төленеді. 

4. Толысылған шарапты (шарап материалын), сыра мен сыра сусынын қоспағанда, осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 2) тармақшасында белгіленген акцизделетін тауарларға акцизді алкоголь өнімін өндірушілер таңдау бойынша: 

1) есепке алу-бақылау маркаларын алғанға дейін; 

2) осы Кодекстің 175-бабына сәйкес акцизді төлеу туралы міндеттеме ұсынылған жағдайда, акцизделетін тауарлар тиеп-жөнелтілген (берілген) күні төлейді. 

5. Салық органдарының ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумағынан импортталған акцизделетін тауарлар бойынша акциздің төлену фактісін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтініште тиісті белгі қою арқылы растауы не растаудан уәжді бас тартуы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады. 

6. Жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында осы Кодекстің 536-бабы бірінші бөлігінің 10) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларға жататын көлік құралдарын сатып алған кезде акциздерді төлеу бірінші басталатын мынадай күндердің бірінен: 

осындай акцизделетін тауарлар сатып алынған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей; 

осындай көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүргізу үшін құжаттарды тапсыру күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.

Статья 1 ...547 548 549 550 551 ...848

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться