Ст. 556 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
556-бап. Салық салу объектісі
1. Мыналардың:
1) жұмыскердің осы Кодекстің 426-бабында көрсетілген кірістері (оның ішінде жұмыс берушінің осы Кодекстің 679-бабы 1-тармағының 23), 25), 26) және 27) тармақшаларында көрсетілген шығыстары) бойынша жұмыс берушінің;
2) осы Кодекстің 226-бабы 2-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген шетелдік персоналдың кірістері бойынша салық агентінің шығыстары әлеуметтік салық төлеушілер үшін салық салу объектісі болып табылады.
Осы тармақтың ережелері жеке практикамен айналысатын адамдар және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілерге қолданылмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі объектіден мынадай ерекшеліктерге азайтылады:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары;
2) Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңнамасына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға төленетін жарналар;
3) мыналарды:
осы Кодекстің 429-бабының 2) тармақшасында белгіленген кірістерді;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақшаның үшінші абзацы 01.01.2029 дейін қолданыста болады – осы Кодекстің 848-бабымен.
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын жұмыскерлердің кірістері бөлігінде осы Кодекстің 429-бабының 3) тармақшасында белгіленген кірістерді қоспағанда, осы Кодекстің 429-бабында белгіленген кірістер;
4) осы Кодекстің 681-бабының 12) тармақшасында белгіленген кірістер.
3. Егер осы баптың 1-тармағында көрсетілген салық салу объектісі күнтізбелік ай үшін бір теңгеден бастап осы күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшеріне дейінгі соманы құраса, онда салық салу объектісі айлық есептік көрсеткіштің 14 еселенген мөлшері негізге алына отырып айқындалады. Осы тармақтың ережелері осындай жұмыскерді жалдау және (немесе) жұмыстан шығару жүргізілген күнтізбелік ай үшін есептелген жұмыскердің кірістеріне қолданылмайды.
4. Егер осы тармақта өзгеше көзделмесе, жеке практикамен айналысатын адамдар және (немесе) дара кәсіпкерлер болып табылатын әлеуметтік салық төлеушілер үшін мыналар:
әлеуметтік салық төлеушінің өзі;
әлеуметтік салық төлеуші жұмыскерлерінің саны салық салу объектілері болып табылады.
Мыналар:
1) әлеуметтік салық төлеушілер осы Кодекстің 117-бабына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды уақытша тоқтата тұрған кезеңде олардың өздері;
2) салықтық кезеңде кіріс алмаған әлеуметтік салық төлеушілердің өздері;
3) салықтық кезең үшін кіріс есептелмеген әлеуметтік салық төлеушінің жұмыскерлері салық салу объектісі болып табылмайды.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей