Ст. 600 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
600-бап. Салықтық база
1. Мемлекеттік корпорация салықтық кезеңнен кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша жеке тұлғалар үшін тұрғынжайлар, саяжай құрылыстары бойынша салық салу объектілерінің құнын мынадай тәртіппен айқындайды:
Қ = Қ б х S х К физ х К функц х К айм х К аек өзг. х Ксән-сал, мұнда:
Қ – салық салу мақсаттарына арналған мүлік құны;
Қ б – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің базалық құны;
S – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының шаршы метрмен көрсетілетін пайдалы алаңы;
К физ – физикалық тозу коэффициенті;
К функц – функционалдық тозу коэффициенті;
К айм – аймаққа бөлу коэффициенті;
К аек өзг. – айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
Ксән-сал – сән-салтанат коэффициенті.
2. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының бір шаршы метрінің ұлттық валютадағы базалық құны (Қ б) елді мекеннің түріне қарай мынадай мөлшерде айқындалады:
| Р/с № |
Елді мекеннің санаты | Базалық құны теңгемен |
| 1 | 2 | 3 |
| Қалалар: | ||
| 1. | Алматы | 60 000 |
| 2. | Шымкент | 60 000 |
| 3. | Астана | 60 000 |
| 4. | Ақтау | 36 000 |
| 5. | Ақтөбе | 36 000 |
| 6. | Атырау | 36 000 |
| 7. | Жезқазған | 36 000 |
| 8. | Көкшетау | 36 000 |
| 9. | Қарағанды | 36 000 |
| 10. | Қонаев | 36 000 |
| 11. | Қостанай | 36 000 |
| 12. | Қызылорда | 36 000 |
| 13. | Орал | 36 000 |
| 14. | Өскемен | 36 000 |
| 15. | Павлодар | 36 000 |
| 16. | Петропавл | 36 000 |
| 17. | Семей | 36 000 |
| 18. | Талдықорған | 36 000 |
| 19. | Тараз | 36 000 |
| 20. | Түркістан | 36 000 |
| 21. | Облыстық маңызы бар қалалар | 12 000 |
| 22. | Аудандық маңызы бар қалалар | 6 000 |
| 23. | Кенттер | 4 200 |
| 24. | Ауылдар | 2 700 |
Бұл ретте елді мекендердің санаттары техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен әкімшілік-аумақтық объектілер сыныптауышына сәйкес айқындалады.
3. Мемлекеттік корпорация көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойма, тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж, орынтұрақ орны бойынша салықтық кезеңнен кейінгі әрбір жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша осындай әрбір объектінің құнын мынадай формуламен айқындайды:
Қ = Қ б x S x К физ х К аек өзг. х K айм, мұнда:
Қ – салық салу мақсаттарына арналған құн;
Қ б – осы баптың 2-тармағында белгіленген базалық құннан мынадай мөлшерде айқындалатын бір шаршы метрдің базалық құны:
көппәтерлі тұрғын үйдегі және жеке мақсаттарда пайдаланылатын қойма, тұрғынжайдың салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтік) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі бойынша – 25 пайыз,
гараж, орынтұрақ орны бойынша – 15 пайыз;
S – тұрғынжайдың салқын жапсаржайының, шаруашылық (қызметтік) құрылысының, астыңғы қабатының, жертөлесінің, гараждың шаршы метрмен көрсетілетін жалпы алаңы;
К физ – осы баптың 4-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген физикалық тозу коэффициенті;
К аек өзг. – осы баптың 7-тармағында белгіленген тәртіппен айқындалған айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті;
К айм – осы баптың 6-тармағында айқындалған тәртіппен белгіленген аймаққа бөлу коэффициенті.
4. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозу коэффициенті амортизация нормалары және мына формула бойынша тиімді пайдаланылған мерзімі ескеріле отырып айқындалады:
К физ = 1 - Т физ, мұнда:
Т физ – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының физикалық тозуы.
Физикалық тозу мына формула бойынша айқындалады:
Т физ = (Т баз - Т беру) х Н аморт/100, мұнда:
Т баз – салық есепке жазылған жыл;
Т беру – салық салу объектісінің пайдалануға берілген жылы;
Н аморт – амортизация нормасы.
Ғимараттың сипаттамасына қарай физикалық тозуын айқындаған кезде мынадай амортизация нормалары қолданылады:
| Р/с № | Күрделілік тобы | Ғимараттың сипаттамасы | Н аморт, % | Қызмет ету мерзімі |
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | 1. | Тас, ерекше күрделі, қабырғаларының қалыңдығы 2,5-тен артық кірпіштен қаланған кірпіш немесе темір-бетон немесе металл қаңқасы бар кірпіш, жабындары темір-бетон және бетон ғимараттар; қабырғалары ірі панельді, жабындары темір-бетон ғимараттар | 0,7 | 143 |
| 2. | 2. | Қабырғаларының қалыңдығы 1,5-2,5 кірпіштен қаланған кірпіш, жабындары темір-бетон, бетон немесе ағаш ғимараттар; қабырғалары ірі блокты, жабындары темір-бетон ғимараттар | 0,8 | 125 |
| 3. | 3. | Қабырғалары кірпіштен, монолитті шлак-бетоннан, жеңіл шлак-блоктардан, ұлутастардан жеңіл қаланған, жабындары темір-бетон немесе бетон ғимараттар; қабырғалары ірі блокты немесе кірпіштен жеңіл қаланған, монолитті шлак-бетон, ұсақ шлак-блок ғимараттар | 1,0 | 100 |
| 4. | 4. | Аралас, кесілген ағаштан жасалған немесе төсемтас қабырғалары бар ғимараттар | 2,0 | 50 |
| 5. | 5. | Шитіден жасалған, жиналмалы-қалқанды, құйма қаңқалы, балшықтан соғылған, саман ғимараттар | 3,3 | 30 |
| 6. | 6. | Қамыс қаңқалы және басқа да жеңілдетілген ғимараттар | 6,6 | 15 |
Егер тұрғынжайдың, саяжай құрылысының тас немесе тіреу панельдерінің физикалық тозуы 70 пайыздан, өзге материалдардың тозуы 65 пайыздан асып кетсе, онда физикалық тозу коэффициенті 0,2-ге тең деп қабылданады.
5. Тұрғынжайдың, саяжай құрылысының сапасына қойылатын талаптардың өзгеруін ескеретін физикалық тозу коэффициенті (К функц) мына формула бойынша есептеледі:
К функц = К қабат х К бұрыш. х К қабырғ. мат х К абат. х К жылыт, мұнда:
К қабат – тұрғынжайдың орналасу қабатына қарай базалық құнның өзгеруін ескеретін коэффициент;
К бұрыш – тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуын ескеретін коэффициент;
К қабырғ.мат – қабырғалардың материалын ескеретін коэффициент;
К абат. – тұрғынжайдың, саяжай құрылысының абаттандырылуы мен оның инженерлік-техникалық құрылғылармен қамтамасыз етілу деңгейін ескеретін коэффициент;
К жылыт – жылыту түрін ескеретін коэффициент.
Қабатына қарай қабаттың мынадай түзету коэффициенттері қолданылады (К қабат):
| Р/с № | Қабаты | К қабат |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бірінші | 0,95 |
| 2. | Аралық немесе жеке тұрғын үй | 1,00 |
| 3. | Соңғы | 0,9 |
Биіктігі үш қабаттан аспайтын көппәтерлі тұрғын ғимараттар үшін кез келген қабат үшін қабат коэффициенті 1-ге тең деп алынады.
Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К бұрыш) қолданылады:
| Р/с № | Тұрғынжайдың ғимарат бұрышындағы учаскелерде орналасуы | К бұрыш |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Бұрышта орналасқан | 0,95 |
| 2. | Бұрышта орналаспаған немесе жеке тұрғын үй | 1,0 |
Қабырғаларының материалына қарай мынадай түзету коэффициенттері (К қаб. мат) қолданылады:
| Р/с № |
Қабырғаларының материалы | Коэффициент |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Кірпіштен | 1,1 |
| 2. | Керамзит-бетон блоктардан құрама | 1,0 |
| 3. | Керамзит-бетон блоктардан құрама, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 4. | Темір-бетон панельдер | 1,0 |
| 5. | Темір-бетон панельдерден, кірпішпен қапталған | 1,05 |
| 6. | Балшықтан соғылған саман | 0,5 |
| 7. | Саман, сыртынан 0,5 кірпішпен қапталған | 0,6 |
| 8. | Монолитті шлак-бетон | 0,7 |
| 9. | Темір-бетон блоктардан | 1,0 |
| 10. | Жиналмалы-қалқанды | 0,6 |
| 11. | Жиналмалы-қалқанды, 0,5 кірпішпен қапталған | 0,75 |
| 12. | Кесілген ағаштан | 0,85 |
| 13. | Шпалдан | 0,75 |
| 14. | Шпалдан, кірпішпен қапталған | 0,95 |
| 15. | Қамыс қаңқалы | 0,6 |
| 16. | Өзгелері | 1,0 |
Тұрғынжайды, саяжай құрылысын барлық тиісті инженерлік жүйелермен және техникалық құрылғылармен қамтамасыз ету кезінде абаттандырудың түзету коэффициенті (К абат) 1-ге тең деп алынады.
Адамдардың тұруына (тұрмысына), болуына нормативтік не жайлы жағдайлар жасайтын инженерлік жүйелер мен техникалық құрылғылар (су құбыры, кәріз, басқа абаттандыру түрлері) болмаған жағдайда К абат 0,8-ге тең деп алынады.
Жылыту түріне қарай жылытудың мынадай түзету коэффициенттері (К жылыт) қолданылады:
| Р/с № | Жылыту түрлері | К жылыт |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Орталықтан жылыту | 1,0 |
| 2. | Газбен немесе мазутпен жергілікті жылыту | 0,98 |
| 3. | Қатты отынды қолданып, сумен жергілікті жылыту | 0,95 |
| 4. | Пешпен жылыту | 0,9 |
6. Салық салу объектісінің елдi мекенде орналасуын ескеретін аймаққа бөлу коэффициентiн (К айм.) жергіліктi атқарушы органдар осындай коэффициент енгізілетін жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмейтін мерзімде аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесіне сәйкес бекітеді және ол бекітілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Бекітілген аймаққа бөлу коэффициенттері ресми жариялануға тиіс.
Аймаққа бөлу коэффициентін есептеу әдістемесін орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен айқындалатын уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
7. Айлық есептік көрсеткіштің өзгеру коэффициенті (бұдан әрі – К аек өзг.) мынадай формула бойынша айқындалады:
К аек өзг. = ағ. ж. аек/алдыңғы ж. аек.,
мұнда:
ағ. ж. АЕК – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК;
алдыңғы ж. АЕК – алдыңғы қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК.
8. Сән-салтанат коэффициенті (К сән-сал) 1-ге тең.
Бұл ретте жергілікті өкілді органның шешімі бойынша сән-салтанат коэффициенті тұрғынжайлар бойынша 50%-дан асырмай ұлғайтылуы мүмкін.
Сән-салтанат коэффициентін арттыру туралы мұндай шешімді жергілікті өкілді орган ол енгізілген жылдың алдындағы жылдың 1 желтоқсанынан кешіктірмей қабылдайды және ол қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
9. Тұрғын үйдің салқын жапсаржайы, шаруашылық (қызметтiк) құрылысы, астыңғы қабаты, жертөлесі, гараж тұрғынжайдың бір бөлігі болып табылған жағдайда Мемлекеттік корпорация осындай салық салу объектілерінің жиынтық құнын осы бапқа сәйкес айқындайды.
10. Бірнеше жеке тұлғаның ортақ үлестік меншігіндегі салық салу объектілері бойынша әрбір осындай тұлғаның салықтық базасына оның осы мүліктегі үлесіне пропорционалды түрде есептелетін салық салу объектісінің құны енгізіледі.
11. Әкімшілік-аумақтық бірліктің шекаралары өзгерген кезде шекаралардың осындай өзгеруі нәтижесінде басқа әкімшілік-аумақтық бірліктің шекараларына ауыстырылған аумақтағы елді мекенде тұрған салық салу объектілерінің құны, осындай өзгеріс жүргізілген салықтық кезең үшін, осындай өзгеріс күніне дейін осы елді мекен шекараларында орналасқан елді мекен санаты үшін белгіленген базалық құнға сүйене отырып айқындалады.
12. Осы Кодекстің 599-бабының 1) тармақшасында көрсетілген салық салу объектілері бойынша мыналар салықтық база болып табылады:
1) егер бір салық төлеушіде салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны құнның шекті мөлшерінен кем немесе оған тең болса, – жеке әрбір объект бойынша салық салу объектісінің құны;
2) егер бір салық төлеушіде салық салу объектілерінің жиынтық құны құнның шекті мөлшерінен асып кетсе, салықтық кезеңнің 31 желтоқсанына осындай салық салу объектілерінің жиынтық құны.
Бұл ретте осы тараудың мақсаттары үшін құнның шекті мөлшері 450 000 000 теңгені құрайды.
13. Осы Кодекстің 599-бабының 2) тармақшасында көрсетілген жер учаскелері бойынша жер учаскесінің және (немесе) жер үлесінің алаңы салықтық база болып табылады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей