Ст. 655 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
655-бап. Төлемақы мөлшерлемелері
1. Төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жүзеге асырылатын тиісті күнтізбелік айдың бірінші күніне қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің еселенген мөлшерінде айқындалады. 2. Халықаралық және республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш шаршы метрді қоса алғанға дейін болатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері мыналарды құрайды:
| Р/с № | Жолдар санаты | Төлемақы мөлшерлемесі (АЕК) |
| 1 | 2 | 3 |
| 1. | Қалаға кіреберістер | 8 |
| 2. | I, II | 7 |
| 3. | III | 3 |
| 4. | IV | 2 |
Сыртқы (көрнекі) жарнама жағының ауданы үш және одан да көп шаршы метр болатын мұндай жарнаманы орналастыру кезінде базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама жағы ауданының үш шаршы метрге қатысты ұлғаюына пропорционалды түрде көтеріледі.
3. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте, облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде орналастырғаны үшін базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелері сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері және оны орналастыру жағының ауданы негізге алына отырып белгіленеді:
| Р/с № | Сыртқы (көрнекі) жарнама түрлері | Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырудың бір жағы үшін төлемақы мөлшерлемелері (АЕК) | ||
| республикалық маңызы бар қалада және астанада | облыстық маңызы бар қалада және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде | аудандық маңызы бар қалада, ауылда, кентте, аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінде, елді мекендерден тыс жерде және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген белдеуінен тыс жерде | ||
| 1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
| 1. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманы қоспағанда, 2 ш.м-ді қоса алғанға дейінгі сыртқы (көрнекi) жарнама | 2 | 1 | 0,5 |
| 2. | Лайтбокстар (сити-форматта) | 3 | 2 | 1 |
| 3. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | |||
| 3.1. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 5 | 3 | 1 |
| 3.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 10 | 5 | 2 |
| 3.3. | 10-нан 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 10 | 3 |
| 3.4. | 20-дан 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 15 | 5 |
| 3.5. | 30-дан 50 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 50 | 20 | 7 |
| 3.6. | 50-ден 70 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 70 | 30 | 12 |
| 3.7. | 70 ш.м-ден жоғары | 100 | 50 | 25 |
| 4. | Шатырүсті жарықты сыртқы (көрнекі) жарнама (жарық-динамикалық панно немесе көлемді неонды әріптер): | |||
| 4.1. | 30 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 30 | 20 | 6 |
| 4.2. | 30 ш.м-ден жоғары | 50 | 30 | 8 |
| 5. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, палаткалардағы, тенттердегі, шатырлардағы, бастырмалардағы, қалқа-шатырлардағы, тулардағы, вымпелдардағы, штандарттардағы, көше жиһаздарындағы (жабдықтарындағы) сыртқы (көрнекі) жарнама: | |||
| 5.1. | 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 1 | 1 | 0 |
| 5.2. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 5.3. | 10 ш.м-ден жоғары | 3 | 2 | 1 |
| 6. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын сыртқы (көрнекi) жарнаманы қоспағанда, уақытша типтегі дүңгіршектердегі сыртқы (көрнекі) жарнама: | |||
| 6.1. | 2 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.2. | 2-ден 5 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 2 | 1 | 0 |
| 6.3. | 5-тен 10 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 3 | 2 | 1 |
| 6.4. | 10 ш.м-ден жоғары | 8 | 4 | 2 |
| 7. | Жылжымалы жайма жарнама | 10 | 5 | 1 |
| 8. | Бейнекөрініс арқылы таратылатын, ауданы мынадай сыртқы (көрнекі) жарнама: | |||
| 8.1. | 20 ш.м-ді қоса алғанға дейін | 20 | 14 | 6 |
| 8.2. | 20 ш.м-ден жоғары | 30 | 24 | 16 |
| 9. | Жүгіртпе жол арқылы таратылатын сыртқы (көрнекі) жарнама | 3 | 2 | 1 |
Облыстардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте және облыстық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлiнген белдеуiнде орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жеріне және көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 100 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Астананың және республикалық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді органдарының елді мекендердегі үй-жайлардың шегінен тыс ашық кеңістікте орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнама бойынша базалық ай сайынғы төлемақы мөлшерлемелерінің мөлшерін сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен көлеміне қарай 50 пайыздан асырмай төмендетуге немесе 200 пайыздан асырмай ұлғайтуға құқығы бар.
Ескертпе. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру жағы деп, орналастырылатын сыртқы (көрнекі) жарнаманың, оның ішінде көріністердің, бейнекөріністердің, қазақ және орыс тілдеріндегі жүгіртпе жолдардың санына қарамастан, сыртқы (көрнекі) жарнаманың орналасқан жері мен оны орналастыру жағының алаңы негізге алынатын сыртқы (көрнекі) жарнама объектісінің жағы түсініледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей