Ст. 73 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
73-бап. Қайтыс болған жеке тұлғаның, дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысқан адамның салықтық берешегін өтеу
1. Жеке тұлғаның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күнге жиналып қалған салықтық берешегін, егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, оның мұрагері (мұрагерлері) мұраға қалдырылған мүліктің құны шегінде және мұраны алған күнге ондағы үлесіне пропорционалды түрде өтейді. Дара кәсіпкердің немесе жеке практикамен айналысқан адамның қайтыс болған күніне немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісі заңды күшіне енген күнге жиналып қалған салықтық берешегін өтеу осы бапта көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.
2. Егер жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала дара кәсіпкердің және (немесе) жеке практикамен айналысқан адамның тіркеу есебінде тұрмаған қайтыс болған жеке тұлғаның мұрагері болып табылса, онда мұндай мұрагер мұра қалдырушының салықтық берешегін өтеуден босатылады, ал мұра қалдырушының салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің негізінде есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжаттың және салық органындағы тіркеу есебі мен қайтыс болған күніне салықтық берешегі туралы деректердің негізінде шығарады.
3. Егер қайтыс болған дара кәсіпкердің және (немесе) жеке практикамен айналысқан адамның мұрагері жетім бала, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала болып табылса, онда мұра қалдырушының салықтық берешегін өтеу жөніндегі міндеттеме салықтық берешекті өндіріп алу туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде ғана осындай мұрагерге жүктеледі.
Салық органы жетім баланың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың мәртебесін растайтын құжаттың және салық органындағы тіркеу есебі мен қайтыс болған күніне салықтық берешегі туралы деректердің негізінде салықтық берешегін өндіріп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.
Салықтық берешекті өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тартылған кезде мұра қалдырушының салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы салықтық берешекті өндіріп алу туралы талап қоюды қанағаттандырудан бас тарту туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
4. Егер қайтыс болған жеке тұлғаның мүлкі салықтық берешекті өтеу үшін жеткіліксіз болса, онда салықтық берешектің өтелмеген бөлігі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы мүліктің жеткіліксіздігі туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
5. Мұрагерлер болмаған немесе барлық мұрагерлер мұрадан бас тартқан және мүлік коммуналдық меншікке берілген кезде қайтыс болған жеке тұлғаның салықтық берешегі салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімге сәйкес есептен шығарылады.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімді салық органы қайтыс болған адамның мүлкін иесіз қалған мүлік деп тану туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
6. Жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісінің күші жойылған кезде мұндай жеке тұлғаның бұрын есептен шығарылған салықтық берешегінің қолданылуын талап қоюдың ескіру мерзіміне қарамастан, салық органы салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімге сәйкес қайта бастайды және ол өндіріп алынуға тиіс.
Салықтық берешекті есептен шығару туралы шешімнің күшін жою туралы шешімді салық органы жеке тұлғаны қайтыс болды деп жариялау туралы сот актісінің күшін жою туралы заңды күшіне енген сот актісінің негізінде шығарады.
3-параграф. Таратылған, қайта ұйымдастырылған және қызметін тоқтатқан кезде жекелеген салықтық міндеттемелерді орындау
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
I liked how the article draws attention to different aspects of C++ programming, particularly the importance of writing and testing code carefully. Beginners sometimes concentrate too much on getting the correct output and overlook code readability and structure. While exploring help with C++ Assignment work, I have realised that understanding compiler errors and debugging methods is equally important. The discussion of programming fundamentals is relevant because these skills are useful across different coding projects. I am also curious about how students can improve their problem-solving abilities when dealing with lengthy programs. Regular practice with smaller coding exercises seems like a sensible starting point.
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Рекомендованные страницы
ҚР Салық кодексi 685-бап. Тақырыптық тексеру тағайындау және жүргізу тәртібі ҚР Салық кодексi 94-бап. Камералдық бақылау ҚР Салық кодексi 199-бап. Таза табысқа салық салу тәртібі ҚР Салық кодексi 43-бап. Қызметі тоқтатылған кезде дара кәсіпкерлердің жекелеген санаттарының салық міндеттемесін орындау ерекшеліктері ҚР Салық кодексi 57-бап. Салықтық есепке алу ережесіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей