Ст. 14 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ
Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
14-бап. Үлескердің және реновациялау шеңберіндегі үлескердің құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 14-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
1. Үлескер және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:
1) осы Заңның 22-бабында айқындалған ақпаратты алуға;
2) Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында айқындалған тәртіппен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша талап ету құқығын басқаға беруге;
3) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уәкілетті компанияның тиісінше орындауын талап етуге;
4) уәкілетті компаниядан техникалық зерттеп-қарау нәтижелері бойынша сатып алынатын жалпы алаңның нақты азаюы нәтижесінде ақша төлеуді талап етуге;
5) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысудың бірыңғай цифрлық жүйесінде міндетті түрде тіркей отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті кепілге беруге құқылы.
2. Үлескер және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескер:
1) реновациялау шеңберіндегі үлескерді қоспағанда, тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес уәкілетті компанияның банктік шотына қолма-қол емес тәртіппен ақша салуға;
2) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарттың талаптарын уақтылы орындауға;
3) көппәтерлі тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үйлер кешенін тіркелген пайдалануға қабылдау актісі болған кезде үлескер немесе реновациялау шеңберіндегі үлескер уәкілетті компаниядан хабарлама алған кезден бастап күнтізбелік отыз күн ішінде үлесін беру туралы шартқа қол қоя отырып, көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесін қабылдауға;
4) іс жүзіндегі мекенжайы және (немесе) басқа да дербес деректері өзгерген жағдайда бұл туралы уәкілетті компанияны күнтізбелік отыз күн ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.
Ескерту. 14-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей