Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 15 Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы Заңы 2016 жылғы 7 сәуірдегі № 486-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 01.06.2026

Тұрғын үй құрылысына үлестiк қатысу туралы
15-бап. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт және реновациялау шеңберіндегі тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау

Ескерту. 15-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Үлескердің тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көзделген үлестің құнын төлеуі төлемдерді шартта белгіленген мерзімде уәкілетті компанияның банк шотына салу арқылы жүргізіледі. 

Реновациялау шеңберіндегі үлескердің үлес құнын төлеуі реновациялау шеңберінде кепілдік беру туралы шартқа Бірыңғай оператор қосылғаннан кейін және реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке құқықтар мен ауыртпалықтар мемлекеттік тіркелгеннен кейін реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқықтарын уәкілетті компанияға беру арқылы жүргізіледі. 

2. Үлескердің міндеттемелері ол үлестің құнын толық көлемде төлеген және оны көппәтерлі тұрғын үйден немесе жеке тұрғын үйлер кешенінен тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес қабылдап алған кезден бастап орындалған болып есептеледі. 

Реновациялау шеңберіндегі үлескердің міндеттемелері уәкілетті компанияның реновациялау объектісіне және (немесе) реновациялау объектісіне кіретін жылжымайтын мүлікке меншік құқығын беру мемлекеттік тіркелген және реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартқа сәйкес көппәтерлі тұрғын үйдегі үлес қабылданған кезден бастап орындалды деп есептеледі. 

3. Құрылыс салушының және (немесе) уәкілетті компанияның көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру жөніндегі міндеттемесі көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені пайдалануға қабылданған, тараптар көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлесті беру туралы шартқа қол қойған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес іс-шаралар жүргізілген кезден бастап орындалды деп есептеледі. 

4. Мердігердің (бас мердігердің) кепілдікті мерзім бойынша міндеттемелері ол кепілдікті мерзім кезеңінде туындаған, жобалау-сметалық құжаттамада және тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта немесе реновациялау шеңберінде тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы шартта көрсетілген көппәтерлі тұрғын үй немесе жеке тұрғын үйлер кешені құрылысы көрсеткіштері сәйкестігінің бұзушылықтарын жою жөніндегі міндеттемелерін орындағаннан кейін орындалған болып есептеледі. 

5. Тұрғызылған көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес үлескерге және (немесе) реновациялау шеңберіндегі үлескерге іс жүзінде берілгенге дейін оның кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелін уәкілетті компания көтереді. Көппәтерлі тұрғын үйдегі немесе жеке тұрғын үйлер кешеніндегі үлес іс жүзінде берілгеннен кейін кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну тәуекелі үлескерге өтеді. 

Ескерту. 15-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 26.12.2019 № 284-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 204-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 09.01.2026 № 254-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...13 14 15 16 17 ...42

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.

Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика


После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.


Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно


Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке


были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться