Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 10 Ұлттық әл-ауқат қоры туралы 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Ұлттық әл-ауқат қоры туралы
10-бап. Қор басқармасы

1. Қор басқармасы басқарма төрағасынан, оның орынбасарларынан және өзге де адамдардан тұрады. 

2. Қор басқармасының айрықша құзыретіне мынадай: 

1) Қордың бағалы қағаздарын айырбастау шарттары мен тәртібін айқындау, сондай-ақ оларды өзгерту; 

2) Қор акцияларына төлемге берілген не ірі мәміленің нысанасы болып табылатын мүліктің нарықтық құнын бағалау жөніндегі бағалаушының қызметіне ақы төлеу мөлшерін айқындау; 

3) осы Заңға сәйкес Қордың жалғыз акционері немесе директорлар кеңесі қабылдайтын мәселелер бойынша шешімдерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасына және (немесе) жарғыға сәйкес, компанияның акционерлері (қатысушылары) жалпы жиналысының, өзге органының немесе өзіне қатысты Қор акционер, қатысушы болып табылатын немесе мүліктегі үлеске құқығы бар өзге заңды тұлғаның құзыретіне жататын мәселелер бойынша шешімдер қабылдау; 

4) ұлттық компаниялардың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға меншік және (немесе) сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату мәселелерін келісу; 

5) инвестициялық шешімдер мен инвестициялық жобаларды іске асырудың толымдылығы мен мерзімдері бойынша іркіліс болуына жол бермеу жөнінде компанияларға қатысты жедел шаралар қолдану; 

6) компанияларға қатысты (оның ішінде компаниялар қызметінің салалары бойынша) қаржылық, инвестициялық, өндірістік-шаруашылық, ғылыми-техникалық, ақшаны басқару жөнінде біртұтас кадр саясатын, әлеуметтік және өзге де саясатты қалыптастыру; 

6-1) Қор тобына кіретін ұйымдарды корпоративтік басқару кодексін, сондай-ақ оған өзгерістер мен толықтыруларды бекіту; 

7) дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамын тікелей немесе жанама түрде Қор иеленетін заңды тұлғаларға қатысты әдістемелік ұсынымдар мен корпоративтік стандарттарды бекіту; 

8) компаниялардың іс-шаралар жоспарларын әзірлеу, келісу, бекіту, түзету, оларды орындау және олардың орындалуына мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту; 

9) дивидендтік саясатты және компаниялар үшін дивидендтер есептеу нормативтерін бекіту; 

10) Қазақстан Республикасының Үкіметі енгізетін ұсыныстар бойынша Қордың, сондай-ақ барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компаниялардың әкімшілік шығыстарының нормативтері мен лимиттерінің жекелеген түрлерін бекіту; 

11) Қордың штат санын, штат кестесі мен ұйымдық құрылымын бекіту; 

12) Қордың филиалдары мен өкілдіктерін құру туралы шешімдер қабылдау; 

13) Қор басқармасы үшін ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қор басқармасының жанынан Қордың, компаниялардың қызметкерлерінен және өзге де адамдардан тұратын комитеттер құру туралы шешімдер қабылдау; 

14) Қор немесе оның қызметі туралы қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты айқындау; 

15) Қордың облигацияларын, туынды бағалы қағаздарын шығарудың және Қордың меншікті капиталы мөлшерінің бір пайызынан аспайтын сомаға Қордың өзге де қарыз тарту шарттарын айқындау; 

16) осы Заңның 8-бабы 3-тармағының 20) тармақшасында көзделгендерді қоспағанда, Қордың ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту; 

17) осы Заңның 24-бабының 1-тармағына сәйкес орталықтандырылған қызметтер құру; 

18) жыл сайынғы негізде компаниялар қызметінің нәтижелерін тыңдау және Қордың директорлар кеңесіне компаниялар қызметінің нәтижелері туралы есептер беру; 

18-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілетін сатып алуға қол жеткізудің бірыңғай нүктесін қалыптастыру мақсатында сатып алу ақпараттық жүйесінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ақпараттық жүйесімен интеграциясын қамтамасыз ету мәселелері; 

19) осы Заңда және (немесе) Қордың жарғысында Қордың басқа органдарының құзыретіне жатқызылмаған өзге де мәселелер жатады. 

2-1. Қор басқармасы осы баптың 2-тармағының 3) тармақшасында көзделген, олар бойынша шешімдерді Қордың басқарма төрағасы қабылдай алатын мәселелер тізбесін, сондай-ақ осындай шешімдерді қабылдау тәртібін айқындауға құқылы. 

3. Осы баптың 2-тармағының 3) және 9) тармақшаларында, 2-1-тармағында көрсетілген, Қор жалғыз акционері (қатысушысы) болып табылмайтын компаниялар қызметінің мәселелері бойынша шешімдерді компаниялар акционерлерінің (қатысушыларының) жалпы жиналыстарында Қордың уәкілетті өкілдерінің кейіннен дауыс беруі үшін акционер (қатысушы) ретінде Қордың ұстанымын айқындау мақсатында Қордың басқармасы немесе басқарма төрағасы қабылдайды. 

4. "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мәселелермен қатар Қор басқармасы төрағасының құзыретіне: 

1) компанияларда және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызын тікелей немесе жанама түрде компаниялар иеленетін өзге де заңды тұлғаларда тексерулер (ревизиялар) тағайындау туралы шешімдер қабылдау; 

2) барлық дауыс беретін акциялары (қатысу үлестері) Қорға тиесілі компанияларға олардың қызметі мәселелері бойынша орындауы үшін тікелей (жедел) тапсырмалар беру; 

3) өздеріне қатысты Қор жалғыз акционер немесе барлық дауыс беретін акцияларын иеленетін тұлға, жалғыз қатысушы не заңды тұлғаның мүлкіне құқығы бар жалғыз тұлға болып табылатын заңды тұлғалардың атқарушы органдарының басшыларын тәртіптік жауаптылыққа тарту; 

3-1) Қордың интернет-ресурсында орналастырылатын Қор қызметінің нәтижелері туралы жыл сайынғы жария есепті дайындау; 

3-2) Қор қызметінің мәселелері бойынша бизнес-қоғамдастықпен және шетелдік инвесторлармен тұрақты негізде кездесулер өткізу; 

4) осы Заңға және (немесе) Қордың жарғысына сәйкес өзге де мәселелер бойынша шешімдер қабылдау жатады. 

5. Алып тасталды - ҚР 24.05.2018 № 156-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компаниялардың акцияларын (қатысу үлестерін) Қор сенімгерлік басқаруға берген жағдайда осы баптың 2-тармағының 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағында көзделген өкілеттіктерді Қор (оның органдары мен лауазымды адамдары) және сенімгерлік басқарушы іске асырмайды. 

Ескерту. 10-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 24.05.2018 № 156-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.12.2018 № 202-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 95-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2022 № 177-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...8 9 10 11 11‑1 ...26

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться