Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16-1 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
16-1-бап. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға тартылатын қазақстандық және шетелдік кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өту құқығы

1. Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өту құқығы: 

1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу, пайдалы қазбаларды барлау мен өндіру жөніндегі жұмыстарды орындау мақсатында, сондай-ақ теңіз объектілерін, жүзбелі бұрғылау қондырғыларын құру, пайдалану және қолдану мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге;  

2) жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттеріне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарға келе отырып, Қазақстан Республикасының теңіз өткізу пункттерінен немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындардан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге; 

3) Қазақстан Республикасының Үкіметі басым деп айқындаған жобаларды іске асыру шеңберінде жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз ету мақсатында кейіннен Қазақстан Республикасының порттарына, теңіз терминалдарына немесе айлақтық құрылысжайларына келе отырып, Қазақстан Республикасының порттарынан, теңіз терминалдарынан немесе айлақтық құрылысжайларынан Каспий теңізінің қазақстандық секторының су кеңістігіне шығатын қазақстандық және шетелдік кемелерге беріледі. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген жағдайларда қазақстандық және шетелдік кемелер өздігінен жүзетін кемеде кеменің тұрған жері туралы ақпаратты автоматты түрде тұрақты беруді қамтамасыз ететін техникалық бақылау құралдары болған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінің рұқсаты негізінде шекаралық және өзге де бақылау түрлерінен өтпей, Мемлекеттік шекараны бірнеше рет кесіп өте алады. 

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайда, кемелердің келуімен немесе кетуімен байланысты кедендік операциялар Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. 

2. Осы баптың 1-тармағында көрсетілген қазақстандық және шетелдік кемелерге: 

1) шет мемлекеттің аумақтық суларына (теңізіне), шет мемлекеттің ішкі суларына, шетелдік порттарға кіруге; 

2) адамдар мен кемелерді құтқару қажеттігінен немесе басқа да төтенше жағдайлардан туындаған, кеменің капитаны бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін дереу хабардар ететін кездерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағынан кеткен кезде оларға қатысты шекаралық бақылау жүзеге асырылған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына келген кезде шекаралық бақылаудан өтпеген адамдарды шетелдік және қазақстандық кемелерден түсіруге (оларға отырғызуға), кез келген жүктер мен тауарларды түсіруге (оларға тиеуге) тыйым салынады. 

3. Жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларға, сондай-ақ жер қойнауын пайдалану жөніндегі операцияларды қамтамасыз етуге тартылған қазақстандық және шетелдік кемелердің Мемлекеттік шекараны бірнеше мәрте кесіп өтуіне рұқсат беру тәртібін, мұндай рұқсатты қолданудың кеңістіктік және уақыттық шектерін, сондай-ақ осы баптың 1-тармағында көрсетілген кемелерге бақылауды жүзеге асыру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді. 

Ескерту. 3-тарау 16-1-баппен толықтырылды - ҚР 25.04.2016 № 505-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 26.12.2017 № 124-VI (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.04.2019 № 249-VI (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-баптан қараңыз) Заңдарымен.
Статья 1 ...15 16 16‑1 17 18 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться