Ст. 28 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ
Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
28-бап. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау нысандары
1. Мыналар: 1) құжаттар мен мәліметтерді тексеру;
2) қарап-тексеру;
3) жете тексеру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау нысандары болып табылады.
Қарап-тексеру, жете тексеру бақылау нысандары мемлекеттік кірістер органдары әзірлейтін және бекітетін тәуекел бейіндерінің ұсынымдары негізге алына отырып қолданылады.
Тәуекел бейіні деп тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді азайту шаралары туралы мәліметтер жиынтығы түсініледі.
2. Құжаттар мен мәліметтерді тексеру көліктік (тасымалдау) және коммерциялық құжаттарда қамтылған мәліметтерді мемлекеттік кірістер органдары пайдаланатын ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған тәсілдермен салыстыруды білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
3. Қарап-тексеру жүк жайларын (бөліктерді), көлік құралдарының ыдыстарын ашпай, тауарлардың орамасын ашпай, тексерілетін объектілер мен олардың бөліктерін өзге тәсілдермен бұзбай, бөлшектемей, тұтастығын бұзбай көлік құралын және осы көлік құралымен тасымалданатын тауарларды көзбен шолып зерттеуді білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
4. Мыналар:
1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу кезінде рұқсаттар берілмеген өзіндік ерекшелігі бар тауарларды көзбен шолып табу;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары қарап-тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
5. Жете тексеру тауарлардың орамасын, көлік құралдарының жүк жайларын (бөліктерін), ыдыстарды, контейнерлерді немесе өзіндік ерекшелігі бар тауарлар болатын немесе болуы мүмкін өзге де орындарды ашу арқылы жеке тұлғалардың көлік құралдары мен багаждарын зерттеп-қарауды білдіретін бақылау нысаны болып табылады.
6. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды рұқсатсыз өткізудің әлеуетті тәуекелі туралы ақпараттың болуы;
2) тәуекел бейіндерінің ұсынымдары жете тексеру жүргізу үшін негіздер болып табылады.
7. Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу орындарында жүргізіледі.
8. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру жүргізу кезінде қатысуға және мемлекеттік кірістер органдарының лауазымды адамдарына қажетті жәрдем көрсетуге міндетті.
9. Мемлекеттік кірістер органдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарлар өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар болмаған кезде мынадай:
1) көрсетілген адамдар қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу кезінде қатысудан бас тартқан;
2) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне, адамның өмірі мен денсаулығына, қоршаған ортаға қатер төнген және кейінге қалдыруға болмайтын өзге де мән-жайлар туындаған, оның ішінде тауарлардың тез тұтанатын заттар, жарылыс қаупі бар заттар, жарылғыш, уландырғыш, қауіпті химиялық және биологиялық заттар, улы, уытты, радиоактивті заттар, ядролық материалдар және басқа да осыған ұқсас тауарлар болып табылатынын көрсететін белгілер болған жағдайларда қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру жүргізуге құқылы.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру екі куәгердің қатысуымен жүргізіледі.
10. Қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу нәтижелері олар аяқталғаннан кейін дереу қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актісін жасау арқылы ресімделеді.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінің нысандарын салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік орган бекітеді.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілерінде:
1) қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізген мемлекеттік кірістер органының лауазымды адамдары және қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу кезінде қатысқан адамдар туралы мәліметтер;
2) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы тауарларды өткізетін көлік құралдарын басқаратын жеке тұлғалар болмаған кезде қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүргізу себептері;
3) қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру нәтижелері;
4) актілердің нысандарында көзделген өзге де мәліметтер көрсетіледі.
Қарап-тексеру және (немесе) жете тексеру актілері екі данада жасалады, оның біреуі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарларға қатысты өкілеттіктері бар жеке тұлғаларға немесе заңды тұлғаның өкілдеріне, ал олар болмаған кезде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін өзіндік ерекшелігі бар тауар тасымалданатын көлік құралын басқаратын жеке тұлғаларға табыс етіледі.
11. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың құжаттарын және мәліметтерін тексеруді, қарап-тексеруді және (немесе) жете тексеруді жүзеге асыру тәртібін салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган бекітеді.
5-тарау. ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ БАР ТАУАРЛАРДЫ БАҚЫЛАУ САЛАСЫНДАҒЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ
Лучшие юристы





Доброго времени суток!
Нуле совет в ситуации: без предупреждения отстранили от работы бухгалтера, и начали инвентаризацию без неё. Первая проверка была в ее пользу почти на 1.5 млн. Назначили следующую. Без приказа, без подписи, только голосовое уведомление через ватсап. Она не вышла по этой причине на работу, ждала окончание проверок. Через 2,5 недели высылают уведомление о расторжении трудового договора, в связи с проектом. Как быть?
Добрый вечер! Мне оформили страховку во время получения микрокредита в банке, кредит оформлен на 60 дней
, а страховка на 45 дней, почему? Сегодня заканчивается срок страховки, а закрыть кредит я иду завтра, вернут ли мне страховку
По решению суда первой инстанции по гражданским делам от 06.02.2004 года был судебный акт и в 2009 году данный судебный акт был оспорен и в 2017 году переименованный банк по этому решению передает информацию в ТОО "ПКБ", который испортил мою кредитную историю и по сегодняшний день все банки отказывают мне в предоставлении финансовых услуг вот уже в течении 8 лет на все мои заявление в банк просит мне показать квитанцию об оплате банковской задолженности а то, что я показываю справку от Территориального отдела судебных исполнителей ДЮ Жамбылской области и копию договора залога полученные в 2009 году, где на каждом листе стоит штамп банка и подпись юриста их не устраивает и все мои обращение до Верховного суда были отказаны и все как один мотивируют тем, что у меня нету доказательства, а какие им нужны доказательства в своих решениях не указывают а просто отказывают в моем иске
По договору залога были заложены ТНП за время длительного отсутствия Залогодателя в связи с тяжелой и продолжительной болезни Залогодержатель незаконно реализовал все заложенные движимые и недвижимые имущества и вырученные средства присвоил себе а потом данный банк был ликвидирован и активы и обязательства были переданы другому банку и он теперь является владельцем я могу ему предъявит иск в суд о возмещении потерянных моих движимых и недвижимых имуществ
Здравствуйте! Брат был признан недееспособным и был на учете до совершения сделки. И оказывается подарил (договор дарения) квартиру отцу, сделка была совершена в 2011 году, о чем отец молчал. Квартиру продали, либо переоформили на племянницу мачехи. Брата не стало 2 года назад, я отсутствовала в стране, тому есть доказательства. Можно ли признать эту сделку недействительной через суд? Спасибо!
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей