Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 29 Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы 2022 жылғы 28 желтоқсандағы № 172-VII ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау туралы
29-бап. Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласында құжаттар және (немесе) ақпарат беру және тарату жөніндегі міндеттеме

1. Уәкілетті орган, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларынан, өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын немесе транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалардан өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына қатысты қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты сұратуға және алуға құқылы. 

2. Өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың экспортын, кері экспортын, импортын, транзитін жүзеге асыратын, эксаумақтық делдалдық қызметтер немесе техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, сондай-ақ өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың эксаумақтық кері экспортын, транзитін жүзеге асыратын шетелдік тұлғалар уәкілетті органның, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талап етуі бойынша көрсетілген мемлекеттік органдардың осы Заңда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген функцияларын орындауы үшін қажетті құжаттарды және (немесе) ақпаратты беруге міндетті. 

Өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласына жататын құжаттарды және (немесе) ақпаратты уәкілетті органға, өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарына беру қызметтік, коммерциялық, банктік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны жария ету болып табылмайды. 

3. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген тұлғалар берілген құжаттардың және (немесе) ақпараттың анықтығы үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта болады. 

4. Уәкілетті орган өзінің интернет-ресурсында эксаумақтық делдалдық қызметтер мен техникалық көмек көрсететін Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының тізімін, Қазақстан Республикасының өзіндік ерекшелігі бар тауарларды бақылау саласындағы заңнамасын бұзушылықтарға жол берген Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларының және шетелдік тұлғалардың тізімдерін орналастырады.
Статья 1 ...27 28 29 30 31 ...36

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


по сигнализации Кода КОФ убрали?


Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.


Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.


Лишили вод удостоверения в октябре прошлого по постановлению суда. При остановке и задержании у меня его не было с собой. Сотрудник ДПС не просил его сдать. После суда также не было просьб сдачи водительского удостоверения. Согласно статье 795 ч. 8 нужно сдать. С какого срока исчесляется срок лишения прав? С постановления суда или с момента изьятия водительского удостоверения? Не понятно вообщем


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться