Ст. 25-2 Микроқаржы ұйымдары туралы 2012 жылғы 26 қарашадағы № 56-V
Микроқаржы ұйымдары туралы
25-2-бап. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту негіздері
1. Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беруден бас тарту мынадай негіздердің кез келгені бойынша жүргізіледі:
1) банк атауының "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының талаптарына сәйкес келмеуі;
2) микроқаржы ұйымы акционерлерінің қаржылық жағдайының орнықсыздығы.
Қаржылық жағдайдың орнықсыздығы деп "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабының 10-тармағында белгіленген белгілердің болуы түсініледі;
3) акционер-жеке тұлға не акционердің-заңды тұлғаның атқарушы органының не басқару органының бірінші басшысы:
оның жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар болған;
Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағанға дейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін бір жылдан аспайтын кезеңде қаржы ұйымының, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымының басқару органының бірінші басшысы, атқарушы органының бірінші басшысы немесе оның орынбасары, бас бухгалтері лауазымын атқарған жағдайларда.
Көрсетілген талап Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің уәкілетті органы немесе қаржылық қадағалау органы банкті төлемге қабілетсіз банктер санатына жатқызу не оның акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы, қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын таратуға және (немесе) қаржы нарығындағы қызметін жүзеге асыруды тоқтатуға алып келген, оларды лицензиядан айыру туралы шешім қабылдағаннан кейін не қаржы ұйымын, оның ішінде Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымын Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе Қазақстан Республикасының бейрезидент-қаржы ұйымы резиденті болып табылатын мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мәжбүрлеп тарату немесе оны банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жыл бойы қолданылады. Осы тармақшаның мақсаттары үшін қаржы ұйымы деп Қазақстан Республикасының бейрезидент-банкінің филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының филиалы, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерінің филиалы да түсініледі;
4) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабында белгіленген талаптардың сақталмауы;
5) уәкілетті органның "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17-1-бабына сәйкес банктің ірі қатысушысы, банк холдингі мәртебесін иеленуге келісім беруден бас тартуы;
6) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1-бабына сәйкес банк холдингінің еншілес ұйымын құруға (сатып алуға) рұқсат беруден бас тартылуы;
7) банктің бизнес-жоспарының және өтініш беруші ұсынған өзге де құжаттардың:
алғашқы үш қаржы жылы (операциялық жыл) өткеннен кейін банк қызметінің рентабельді болатынын;
банк тәуекелді шектеуге қойылатын талаптарды сақтауға және тиісті басқару құрылымын құруға ниетті екенін;
банктің өз қызметінің жоспарларына сәйкес келетін ұйымдық, есептік және бақылау құрылымының бар екенін көрсетпеуі;
8) ұсынылған құжаттар бойынша уәкілетті орган ескертулерінің ол белгілеген мерзімде жойылмауы;
9) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының осы Заңның 25-3-бабында көзделген талаптарға сәйкес келмеуі;
10) микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарының қаржылық болжамынла микроқаржы ұйымын банкке айналдыру салдарынан микроқаржы ұйымының қаржылық жағдайының нашарлауының және (немесе) құрамына банк және (немесе) банк холдингі кіретін банк конгломератының пруденциялық нормативтерді сақтамауының күтілуі;
11) микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсат беру туралы өтініш берілген күннің алдындағы соңғы үш ай ішінде және (немесе) өтінішті қарау кезеңінде микроқаржы ұйымының белгіленген пруденциялық нормативтерді және (немесе) сақталуы міндетті басқа да нормалар мен лимиттерді сақтамауы;
12) өтініш берілген күнге және құжаттарды қарау кезеңінде микроқаржы ұйымында осы Заңның 28-бабы 2-тармағы бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген қолданыстағы шектеулі әсер ету шарасының және (немесе) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 211-бабының бірінші, 3-1, төртінші бөліктерінде және 227-бабының үшінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жазалардың болуы;
13) осы Заңның 25-1-бабының және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 18 және 21-баптары талаптарының сақталмауы.
2. Уәкілетті орган өтініш берушіні бас тарту негіздері туралы жазбаша хабардар етуге міндетті.
3. Рұқсат беруге негіз болған анық емес мәліметтер анықталған жағдайда, уәкілетті орган микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға берілген рұқсатты кері қайтарып алады.
Микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты кері қайтарып алған немесе микроқаржы ұйымы осы рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде уәкілетті орган рұқсатты кері қайтарып алуға негіз болып табылатын факт анықталған немесе микроқаржы ұйымы рұқсатты ерікті түрде қайтару туралы өтініш берген күннен бастап екі ай ішінде бұрын берілген рұқсаттың күшін жою туралы шешім қабылдайды.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға өзіне берілген рұқсатты уәкілетті органның микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатында көрсетілген айналдыру мерзімі өткенге дейін ерікті түрде қайтаруға құқылы.
Микроқаржы ұйымы микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға рұқсатты ерікті түрде қайтарған кезде микроқаржы ұйымын банкке айналдыруға бұрын берілген рұқсаттың және "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-1 және 17-1-баптарына сәйкес берілген рұқсат беру құжаттарының күші жойылды деп есептеледі.
Ескерту. 3-тарау 25-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей