Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 46-6 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және тіркеу

Ескерту. 46-6-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 

1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына түскен кезде: 

1) судьяның өзі қол қойған және соттың мөрімен бекемделген қамауға алу туралы қаулысының; 

1-1) ішкі істер органының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысының; 

2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында сақтауға тыйым салынған, алып қойылған заттарымен жеке жете тексеру хаттамасының; 

3) әкімшілік қамауға алынған адамның, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдік пен азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландыратын құжаттарының болуы тексеріледі. 

2. Арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына жеткізілген адамдарды тіркеу, жеке жете тексеруді, медициналық куәландыруды, дактилоскопиялауды, фотоға түсіруді жүргізу, шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктерінің немесе консулдық мекемелерінің ресми өкілдерінің өздері өкілдік ететін мемлекеттің азаматы болып табылатын шетелдікке келу тәртібі, сондай-ақ алып қойылуға жататын заттар тізбесі Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі бекітетін Арнаулы қабылдау орнындағы ішкі тәртіптеме қағидаларында айқындалады. 

3. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына орналастырылғаны немесе олардың тиісті медициналық ұйымдарға жіберілгені туралы арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігі бір тәулік ішінде олардың жақын туыстарына – тұрғылықты жері бойынша, ал шетелдікті орналастырған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы шет мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге өкілдігіне де хабарлайды. 

4. Әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың сотқа, прокуратура органдарына немесе басқа да мемлекеттік органдарға жазған өтініштері қаралмайды және олар берілген уақытынан бастап жиырма төрт сағат ішінде мекенжайы бойынша жіберіледі. 

5. Арнаулы қабылдау орны болмаған немесе онда орындар болмаған не арнаулы қабылдау орнының шалғайлығынан немесе тиісті қатынас жолдарының болмауынан оған жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторында ұстауға жол беріледі. 

Уақытша ұстау изоляторында әкімшілік қамауға алынған адамдар және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдар бөлек ұсталады. 

Ескерту. 46-6-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...46‑4 46‑5 46‑6 46‑7 46‑8 ...51

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане


Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?


Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru


Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК


Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться