Ст. 46-7 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі
Ескерту. 46-7-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 1. Әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар есіктерінде берік тиектері және қарау тесіктері болуға тиісті камераларда ұсталады, терезелер металл торлармен жабдықталады. Әр камерада арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидалары ілінеді.
2. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында тәулік бойы кезекшілікті қамтамасыз ететін және онда ұсталушы адамдардың мекеменің шегінен тыс жерлерге өз бетінше кету мүмкіндігін болғызбайтын режим белгіленеді.
Әкімшілік қамауға алынған адамдарға, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес дене күші және арнаулы құралдар қолданылуы мүмкін.
3. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар тамақпен күзетпен ұсталатындар және уақытша ұстау изоляторында отырғандар үшін белгіленген нормалар бойынша қамтамасыз етіледі. Тамақ өнімдерін күн сайын ведомость бойынша кезекші береді.
4. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған ерлер әйелдерден бөлек орналастырылады.
5. Туберкулездің жұқпалы түрімен, венерологиялық және басқа да инфекциялық аурулармен ауыратындар әкімшілік қамауға алынған басқа адамдардан, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардан оқшауландырылады.
6. Әкімшілік қамауға алынған әскери қызметшілер гауптвахталарда ұсталады.
Әскери қызметшілердің гаупвахтада әкімшілік қамауды өтеу тәртібін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайды.
Ескерту. 46-7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы 14-бап. Ерекше режимде ұстайтын бiлiм беру ұйымдары Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 89. Незаконное превышение нормы рабочего времени Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 15-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының банк шоттары Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 17. Неприкосновенность собственности Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау жән...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей