Ст. 46-8 Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұст 1999 жылғы 30 наурыздағы N 353-І
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері
Ескерту. 46-8-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен. 1. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың:
1) өздерінің құқықтары мен міндеттері, арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында ұстау режимі, ұсыныстар, арыздар мен шағымдар беру тәртібі туралы ақпарат алуға;
2) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында болу кезеңінде жеке басының қауіпсіздігіне;
3) арнаулы қабылдау орнындағы Ішкі тәртіп қағидаларында бекітілетін нормалар бойынша материалдық-тұрмыстық және медициналық-санитариялық көрсетілетін қызметтер алуға;
4) хаттар, сауқаттар, бандерольдер мен сәлемдемелер алуға;
5) түнгі уақытта сегіз сағат ұйықтауға;
6) күніне кемінде екі сағат күн сайын серуендеуге;
7) арнаулы қабылдау орнында, уақытша ұстау изоляторында Ішкі тәртіп қағидаларын және басқа да адамдардың құқықтарын сақтаған жағдайда – діни жораларды орындауға;
8) арнаулы қабылдау орнының, уақытша ұстау изоляторының әкімшілігіне, прокуратура органдарына, сотқа өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуы мәселелері бойынша өтініш жасауға құқығы бар.
2. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына орналастырылған әкімшілік қамауға алынған адамдар, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар арнаулы қабылдау орнындағы, уақытша ұстау изоляторындағы Ішкі тәртіп қағидаларын орындауға міндетті.
3. Әкімшілік қамаққа алынған, гауптвахталарда ұсталатын әскери қызметшілерге әскери қызметшілердің гауптвахтада әкімшілік қамақты өтеу тәртібіне сәйкес осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылады.
Ескерту. 46-8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 19.12.2020 № 385-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.03.2023 № 206-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
Читать еще раз
Кодекс РК Об административных правонарушениях Статья 17. Неприкосновенность собственности Шаруа немесе фермер қожалығы туралы 15-бап. Шаруа немесе фермер қожалығының банк шоттары Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау жән... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына ж... Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы 46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеруРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей