Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 16 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Құқық қорғау қызметi туралы
16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері

1. Қызметкерлер: 

1) Қазақстан Республикасының Конституциясын және Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауға; 

2) адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерiнiң сақталуы мен қорғалуын қамтамасыз етуге; 

3) заңмен көзделген тәртiп пен мерзiмде жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға, олар бойынша қажеттi шаралар қолдануға; 

4) өздерiне берiлген құқықтар шегiнде және лауазымдық мiндеттерiне сәйкес өкiлеттiгiн жүзеге асыруға; 

5) қызметтік және еңбек тәртiбiн сақтауға; 

ЗҚАИ-ның ескертпесі!

6) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 03.01.2026 № 251-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

6) қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулерді және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдауға; 

7) Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары мен мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексінің талаптарын сақтауға; 

8) басшылардың заңды бұйрықтары мен өкiмдерiн, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың өз өкiлеттiктерi шегiнде шығарған шешiмдерi мен нұсқауларын орындауға; 

9) мемлекеттiк құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны, оның iшiнде құқық қорғау қызметiн тоқтатқаннан кейiн де, ол жөнiнде қолхат бере отырып, заңмен белгiленген уақыт iшiнде сақтауға; 

10) қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде алған, азаматтардың жеке өмiрiн, ар-намысын және қадiр-қасиетiн қозғайтын мәлiметтердi құпия сақтауға және заңдарда көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат берудi талап етпеуге; 

11) мемлекеттiк мүлiктiң сақталуын қамтамасыз етуге; 

12) қызметкердің жеке мүддесi өзінің өкiлеттiгімен ұштасатын немесе оған қайшы келетiн жағдайларда, жазбаша нысанда баянат беруге және тікелей және уәкілетті басшыны дереу хабардар етуге; 

13) өзiнiң кәсiптік деңгейi мен біліктiлiгiн арттыруға; 

14) мемлекеттік қызмет мүдделеріне зиян келтіретін жария сөйлеуге жол бермеуге; 

15) қызметкердің не оның жұбайының (зайыбының) Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы не шетелдік азаматтықты алуға өтінішхатпен жүгіну фактісі туралы жүгінген күні өзінің тікелей басшысына жазбаша түрде хабарлауға міндетті. 

16) алып тасталды - ҚР 18.11.2015 № 412-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).

2. Қызметкерлерге өз құзыреті шегінде қойылған міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарының қызметін реттейтін заңдарында және Қазақстан Республикасының өзге де заңнамаларында көзделген өзге де міндеттер белгіленеді. 

3. Қызметкерлер адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың заңды мүдделерін бұзған жағдайда, құқық қорғау органдары сол құқықтарды қалпына келтіріп, келтірілген залалды өтеуге, кінәлі қызметкерлерді Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа тартуды қамтамасыз етуге тиіс. 

Ескерту. 16-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 411-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 18.11.2015 № 412-V (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...14 15 16 17 18 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться