Ст. 27 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
27-бап. Арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендердi төмендету, арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру
1. Арнаулы атақты немесе сыныптық шендi бiр сатыға төмендетудi: 1) кiшi және орта басшы құрамдар атағындағы қызметкерлерге – уәкiлеттi басшы;
2) аға басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – құқық қорғау органының басшысы;
3) жоғары басшы құрам атағындағы қызметкерлерге – Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті тәртiптiк жазалау шарасы ретiнде қолданады.
2. Арнаулы атақтардан немесе сыныптық шендерден айыру мына қызметкерлерге қатысты тәртiптiк жазалау шарасы ретiнде қолданылады:
1) полковникті, аға кеңесшiнi қоса алғанға дейін – құқық қорғау органының басшысы;
2) жоғары басшы құрамға Қазақстан Республикасының Президентi айқындайтын тәртiппен – Қазақстан Республикасының Президентi жүзеге асырады.
3. Арнаулы атақтағы немесе сыныптық шендегi еңбек сiңiру мерзiмi арнаулы атақты немесе сыныптық шендi төмендету түрiнде тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы бұйрық шығарылған күннен бастап үзiледi және арнаулы атақты немесе сыныптық шендi қалпына келтiру туралы бұйрық шығарылған күннен бастап қалпына келтiрiледi.
Атқаратын штаттық лауазымына қарамастан арнаулы атағы немесе сыныптық шенi төмендетiлген (жоғары басшы құрамнан басқа) қызметкерлер атқаратын лауазымына қарамастан бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шенiне құқық қорғау органы басшысының немесе уәкiлеттi басшының бұйрығымен, бiрақ арнаулы атақ немесе сыныптық шен төмендетiлген (жоғары басшы құрамнан басқа) күннен бастап кемiнде алты ай өткеннен кейiн ғана қалпына келтiрiледi.
Жоғары басшы құрамның бұрынғы арнаулы атағына немесе сыныптық шеніне қалпына келтіруді Қазақстан Республикасының Президенті айқындаған тәртіппен Қазақстан Республикасының Президенті жүргізеді.
4. Қызметкерге бұрынғы арнаулы атағы немесе сыныптық шенi қайта қалпына келтiрiлгенге және оған кезектi арнаулы атақ немесе сыныптық шен берiлгенге дейiн арнаулы атақтан немесе сыныптық шеннен қайта төмендету жүргізiлмейдi.
Ескерту. 27-бап жаңа редакцияда – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 67-бап. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметінің құқықтары Құқық қорғау қызметi туралы 31-бап. Ротация Құқық қорғау қызметi туралы 17-бап. Қызметкердің құқық қорғау қызметінде болуына байланысты шектеулер Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 36-бап. Ескерту. 36-бап алынып тасталды - ҚР 2002.05.21 N 323 Заңымен.Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей