Ст. 29 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
29-бап. Құқық қорғау органдарының қатардағы және басшы құрам лауазымдарына орналасудың жалпы қағидалары
1. Қатардағы, кіші, орта, аға және жоғары басшы құрамдағы адамдар орналасуға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сәйкес келетін арнаулы атақтарды немесе сыныптық шендерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құқық қорғау органының басшысы айқындайды. 2. Орта, аға және жоғары басшы құрам лауазымдарына тағайындалатын адамдар оларға арнаулы атақ, сыныптық шен берілгенге немесе құқық қорғау органдарының кадрларына қабылданғанға дейін атқаратын лауазымы бойынша қызметтік міндеттерін атқарады.
3. Адам мансаптық өсудің барлық кезеңдерінен міндетті түрде өтіп, қойылатын біліктілік талаптарына қатаң сәйкес келген жағдайда лауазымға тағайындауды, қызметі бойынша жоспарлы ауыстыруды құқық қорғау органының басшысы немесе уәкілетті басшы тағайындалатын адамның психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін және қызметтік жұмыс нәтижелерін ескере отырып жүргізеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын біліктілік талаптарын құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптары негізінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша құқық қорғау органының басшысы бекітеді.
Құқық қорғау органдары лауазымдарының санаттарына қойылатын үлгілік біліктілік талаптарын құқық қорғау органдарымен келісу бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
4. Алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5. Орта және аға басшы құрамдағы адамдарды лауазымға тағайындау және қызметі бойынша ауыстыру кезінде оларды негізгі мамандығы бойынша не бар тәжірибесіне сәйкес пайдалану қамтамасыз етіледі, ал олар үшін жаңа мамандықтағы лауазымдарға пайдалану қажет болған кезде олар тағайындау алдында тиісті курстарда (жиындарда) қайта даярлықтан өтуге тиіс.
5-1. Құқық қорғау органдары білім беру ұйымдарының профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдарының штаттық лауазымдарына қызметкерлерді тағайындау мүмкін болмаған кезде құқық қорғау органы басшысының шешімімен осы лауазымдарға еңбек шарты бойынша аталған лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келетін өзге де адамдар, оның ішінде уақытша тағайындалуы мүмкін. Бұл ретте жұмыскердің лауазымдық айлықақысы профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың атқаратын штаттық лауазымы бойынша белгіленеді.
Профессорлық-оқытушылық және ғылыми құрамдардың штаттық лауазымдарына уақытша тағайындалған жұмыскерлер осы лауазымдарға қызметкерлер тағайындалған кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген тәртіппен жұмыстан шығарылады.
5-2. Қызмет бабында ауыстыру кезінде қызметкер осы Заңның талаптарын лауазымға соңғы тағайындалған кезінен бастап үш жыл ішінде анықталған бұзушылықпен лауазымға тағайындалған жағдайда, ол лауазымынан босатылуға және құқық қорғау органының қарамағына қабылдануға тиіс.
5-2. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында, шет мемлекеттердің құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарында жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша күндізгі оқу нысанының толық курсын үздік бітірген түлектерге алған мамандығы бойынша орта басшы құрамның бос лауазымын таңдаудың басым құқығы беріледі, олар осы бос лауазымға құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен тағайындалады.
6. Бос басшылық лауазымдар туралы мәліметтер және оларға орналасуға кандидаттарға қойылатын талаптар ведомстволық ақпараттық-анықтамалық жүйелерде орналастырылады.
7. Құқық қорғау органын уақтылы және толық жасақтау үшін кадр қызметі құқық қорғау органының басшысы бекітетін әдістемеге сәйкес кадрлық болжамды жүзеге асырады.
8. Құқық қорғау қызметінің учаскелерінде, бағыттарында іс-қимылдарды ретке келтірудің ұтымды дәрежесіне қол жеткізу мақсатында құқық қорғау органының басшысы айқындайтын тәртіппен жұмыс стандарттары (қызметкердің нақты жұмыс учаскесіндегі қызмет нәтижелеріне қойылатын алгоритм, қағидалар және талаптар) белгіленеді.
9. Прокуратура органдарының орта және аға басшы құрамның басшы лауазымдарына тағайындалатын адамдарға үш айға дейін сынақ мерзімі белгіленуі мүмкін.
Ескерту. 29-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 26.11.2019 № 273-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.02.2026 № 263-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.05.2026 № 291-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Құқық қорғау қызметi туралы 35-бап. Кадр резервін қалыптастыру міндеттері Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы 87-бап. Заңды тұлғалардың және заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке адамдардың дебиторлық берешегін анықтау Құқық қорғау қызметi туралы 25-бап. Арнаулы атақтарда, сыныптық шендерде немесе біліктілік сыныптарында еңбек сiңiрген жылдары мерзiмiн тоқтата тұру Постановление Правительства 195 19.02.2009 О подписании Соглашения в форме обмена нотами между Правительством Республики Казахстан и Правительством Федеративной Республики Германия о реализации проект... Құқық қорғау қызметi туралы 2-бап. Құқық қорғау органдарындағы қызметтің құқықтық негізіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей