Ст. 47 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
47-бап. Қызметкерлерді аттестаттау
1. Қызметкерлерді аттестаттау олардың кәсіптік даярлығының, құқықтық мәдениетінің деңгейін және азаматтармен жұмыс істеу қабілетін анықтау бойынша мезгіл-мезгіл жүзеге асырылатын рәсім болып табылады.
2. Қызметкердің жеке және кәсіби қасиеттерін, қызметтік жұмыс нәтижелерін бағалау ескеріле отырып, оның атқарып отырған лауазымына сәйкес келуі аттестаттау кезінде бағалаудың негізгі өлшемшарты болып табылады.
3. Қызметкерлер құқық қорғау органдары жүйесінде үздіксіз қызметте болған әрбір келесі үш жыл өткен соң аттестаттаудан өтеді. Бұл ретте аттестаттау көрсетілген мерзім басталған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей өткізілуге тиіс.
Егер аттестаттауға жататын қызметкерлер жаңа лауазымдарға тағайындалса, жоспардан тыс аттестаттаудан өтетін қызметкерлерді қоспағанда, олар тағайындалғаннан кейін бір жылдан соң аттестаттаудан өтеді. Тең дәрежелі лауазымға тағайындалған кезде, егер бұл функционалдық міндеттердің өзгеруіне алып келмесе, бұл мерзім есепке алынбайды.
Аттестаттау кезінде қызметкердің құқық қорғау органдары жүйесіндегі қызметтен босатылған күн мен оның құқық қорғау органдары жүйесіне қызметке қабылданған күніне дейін үш айдан артық уақыт өтпесе, онда көрсетілген кезеңде өзге заңды (мемлекеттік органдарды қоспағанда) және жеке тұлғалармен еңбек қатынасы болмаған жағдайда, құқық қорғау органдары жүйесінде қызметте болған уақыты үздіксіз қызмет деп есептеледі.
3-1. Алып тасталды - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
3-2. Мемлекеттік қызметшілерді даярлау бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білім беру ұйымдарында білім алатын қызметкер оқуды аяқтаған соң, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға тағайындалғаннан кейін кемінде бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
Мемлекеттік органдарға іссапарға жіберілген қызметкерлерді аттестаттау тиісті мемлекеттік органдардың жұмыскерлері үшін белгіленген тәртіппен жүргізіледі, ал халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілген қызметкерлер халықаралық ұйымнан оралғаннан кейін, бірақ құқық қорғау органдарында лауазымға орналасқаннан кейін бір жылдан кейін аттестаттаудан өтеді.
3-3. Ұйымдық-штаттық іс-шараларды өткізуге, құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдарына оқуға түсуге, мемлекеттік органдарға және халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберуге байланысты ауысуларды қоспағанда, аттестаттау өткізу кезеңінде қызметкерлерді аттестаттау аяқталғанға дейін лауазымға тағайындауға не қызмет бойынша ауыстыруға болмайды.
4. Жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерлерді қоспағанда, құқық қорғау органының басшысы және оның орынбасарлары, сондай-ақ құқық қорғау органдарындағы немесе арнаулы мемлекеттік органдардағы қызмет өтілі не әскери қызметтегі өтілі кемінде жиырма жыл болатын қызметкерлер аттестаттауға жатпайды.
Қызметкерлер жүктілігі және осы Заңның 77-бабында көзделген демалыстарда болған кезеңінде аттестаттауға жатпайды. Олар қызметке шыққаннан кейін кемінде бір жылдан соң аттестатталады.
5. Аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді:
1) аттестаттау өткізуге дайындықты;
2) прокуратура органдарының қызметкерлерін қоспағанда, кәсіптік жарамдылығын айқындау бойынша белгiленген нормативтердi тапсыруды;
3) аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасы заңнамасын, қазақ тілін білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тесттен өткізуді;
3-1) алып тасталды – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
3-2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтанушылық зерттеу жүргізуді;
3-3) құқық қорғау органы басшысының шешімімен полиграфологиялық зерттеу жүргізуді;
4) қызметкермен аттестаттау комиссиясы өткізетін әңгімелесуді;
5) аттестаттау комиссиясының шешім шығаруын қамтиды.
Ескерту. 47-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.11.09 N 490-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 21.05.2013 № 93-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.06.2025 № 203-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 22-бап. Шаруашылықты жүргiзу құқығына ие болу және тоқтату Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 33-бап. Өткізу пункттерінде адамдар мен көлік құралдарының болу, жүріп-тұру, жүктер мен тауарларды орналастыру және өткізу тәртібі Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 35-бап. Жедел басқару құқығына ие болу және оны тоқтату Құқық қорғау қызметi туралы 36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей