Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 27.01.2026

Құқық қорғау қызметi туралы
36-бап. Құқық қорғау органдарының кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары

1. Құқық қорғау органында кадр құрамын қалыптастыру: 

1) қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру; 

2) құқық қорғау қызметі лауазымына қызметкерлерді олардың кәсіби даярлығының деңгейін, кәсіби қызметте сіңірген еңбегін, психологиялық, іскерлік және жеке қасиеттерін ескере отырып тағайындау; 

3) құқық қорғау қызметін өткерудің және арнаулы атақтар немесе сыныптық шендер берудің дәйектілігі негізінде қамтамасыз етіледі. 

2. Құқық қорғау қызметінің кадр құрамын қалыптастырудың басым бағыттары: 

1) құқық қорғау қызметі лауазымдарының барлық санаттары үшін кадрларды жоспарлы негізде даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау; 

2) қызметкерлердің кәсіби және лауазымдық өсуі үшін жағдайлар жасау; 

3) аттестаттау өткізу арқылы қызметкерлердің кәсіби қызметінің нәтижелерін бағалау болып табылады. 

3. Қызметкерлердің кәсіптік білім-білігі мен дағдыларын жетілдіру мақсатында қызметкерлердің құқық қорғау органдарындағы қызметін өткеру орны бойынша кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтары ұйымдастырылады. Кәсіби қызметтік және дене шынықтыру дайындықтарын ұйымдастырудың мазмұны мен тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленеді. 

4. Кәсіптік қайта даярлау, біліктілікті арттыру қызметкерлердің қосымша кәсіптік білімі болып табылады. Қосымша кәсіптік білім алу қызметкерлердің лауазымдық міндеттерін үзіліспен, ішінара үзіліспен немесе үзіліссіз атқару түрінде жүргізілуі мүмкін. Қызметкердің басқа тең жағдайларда қосымша кәсіптік білім алуы қызметкерді жоғары тұрған лауазымға өсіруге немесе оның құқық қорғау қызметі лауазымын жалғастыруына басым негіз болып табылады. 

5. Қызметкерлерді кәсіби даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру құқық қорғау органдарының білім беру ұйымдары мен ғылыми мекемелерінде, құқық қорғау органдарының қызметкерлерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі мамандандырылған мекемелерінде, сондай-ақ, басқа да білім беру ұйымдары мен мекемелерінде жүзеге асырылады. 

Қызметкерлерді кәсіби даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың мазмұны және жүзеге асырылу тәртібі құқық қорғау органдарының нормативтік құқықтық актілерінде айқындалады. 

5-1. Кәсіптік дағдыларды, басқару құзыреттілігін жетілдіру үшін Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын және (немесе) онымен келісу бойынша тағайындалатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша тағайындалатын және босатылатын лауазымға орналасуға үміткер кандидаттар Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы және прокуратура органдарының білім беру ұйымдарында, сондай-ақ әскери, арнаулы оқу орындарында кәсіптік қайта даярлаудан және біліктілігін арттырудан өтеді. 

6. Қызметкер Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде қосымша кәсіптік білім ала алады. 

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.01.2025 № 156-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...85

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?


Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.


5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....


Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.


Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться