Ст. 62 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
62-бап. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану шарттары
1. Атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші осы Заңда көзделген жағдайларда қалыптасқан жағдай негізге алына отырып қолданылады. 2. Қызметкерлер атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануға байланысты жағдайларда әрекеттерге жарамдылығына арнайы даярлықтан, мерзімдік тексеруден өтуге міндетті.
3. Қажетті қорғаныс және аса қажеттілік жағдайларында немесе қылмыс жасаған адамды ұстаған кезде қызметкер өзінде қажетті арнайы құралдар немесе қару болмаған кезде қолда бар кез келген құралды пайдалануға, сондай-ақ осы Заңда белгіленген негіздер бойынша және тәртіппен жарақтандыруда тұрмаған өзге де қаруды қолдануға құқылы.
4. Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданған кезде қызметкерлер:
1) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдануды кешіктіру азаматтардың, қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына тікелей қауіп төндіретін, өзге де ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болатын немесе қалыптасқан жағдайда мұндай ескерту орынсыз немесе мүмкін емес болып табылатын жағдайларды қоспағанда, атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолдану ниеті туралы ескертуге, бұл ретте оларды қолдану көзделіп отырған адамдарға өзінің талаптарын орындау үшін жеткілікті уақыт беруге міндетті.
Атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды және дене күшін бөлімшенің (топтың) құрамында қолданған жағдайда, көрсетілген ескертуді бөлімше (топ) басшысы немесе арнаулы атағы, сыныптық шені жоғары қызметкер жасайды;
2) жеке тұлғалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, зардап шеккендерге шұғыл медициналық көмек көрсету үшін қажетті шаралар қолдануға;
3) атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін қолданғаны туралы тікелей басшыға дереу баяндауға міндетті.
5. Адамдардың қаза табуына немесе өзге де ауыр салдарға әкеп соққан атыс қаруы және өзге де қару, арнайы құралдар, дене күші қолданылған әрбір оқиға туралы прокурорға дереу хабар беріледі.
6. Қызметкерлердің атыс қаруын және өзге де қаруды, арнайы құралдарды, дене күшін өз өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып қолдануы заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Ескерту. 62-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.10.2015 № 374-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 11.07.2022 № 136-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
9-тарау. ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 34-бап. Жедел басқару құқығының объектiсi Адвокаты в Семее Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 32-бап. Өтпелі ережелер Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 16-бап. Мемлекеттiк кәсiпорынды қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 49-бап. Ішкі және аумақтық суларда қазақстандық өздігінен жүзетін және өздігінен жүзбейтін (суүсті және суасты) кемелердің (құралдардың) және мұз ...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей