Ст. 18 Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 2026 жылғы 8 мамырдағы № 286-VIII
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы
18-бап. Әкімшіліктің құқықтық жағдайы
1. Әкімшіліктің құқықтық жағдайы, мәртебесі, қызметінің ұйымдық-құқықтық нысаны мен режимі осы Конституциялық заңға сәйкес белгіленеді. Әкімшілік пен әкімшілікті басқару қызметінің осы Конституциялық заңда айқындалмаған ерекшеліктері әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерімен немесе әкімшілік туралы ережемен реттеледі.
2. Әкімшілік – Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуды мемлекеттік басқару және оған басшылық ету, сондай-ақ осы саладағы нормативтік құқықтық реттеу функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Әкімшілік өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Конституциялық заңды, әкімшілік туралы ережені, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
3. Әкімшілік – қызметін арнаулы басқару ұйымының ұйымдық-құқықтық нысанында жүзеге асыратын мүше болмайтын коммерциялық емес ұйым.
4. Әкімшілік қызметін Кеңес бекітетін ереженің негізінде жүзеге асырады. Ереже – әкімшіліктің құрылтай құжаты.
Әкімшілік туралы ережеде әкімшіліктің мақсаттары мен қызмет түрлері, әкімшіліктің өкілеттіктері, әкімшіліктің басқару органдарының құзыреті, оларды қалыптастыру тәртібі және Кеңес айқындайтын өзге де ережелер қамтылады.
5. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өндіріп алуға болмайтын мүлікті, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты есебінен құрылған (сатып алынған) не Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілікке берілген мүлікті қоспағанда, әкімшілік өз міндеттемелері бойынша өзінің барлық мүлкімен жауап береді.
6. Әкімшілік Қазақстан Республикасының міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
7. Әкімшіліктің шешімдерін іске асыруды және оның қызметіне басшылық етуді әкімшіліктің бас атқарушы директоры және бес жылға тағайындалатын оның орынбасарлары жүзеге асырады.
8. Әкімшіліктің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрлері және қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өз атауы жазылған мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының қазынашылық органдарында шоттары болады, сондай-ақ ол екінші деңгейдегі банктерде, шетелдік банктерде және басқа да қаржы ұйымдарында шоттар ашуға құқылы.
Әкімшілік мемлекеттік мүлік болып саналатын қаражатты шетелдік банктердегі және басқа да шетелдік қаржы ұйымдарындағы шоттарда орналастыруға құқылы емес.
9. Әкімшілік банкроттыққа жатпайды.
10. Әкімшіліктің кіріс әкелетін қызметті ол арнаулы құқықтық режимнің мақсаты мен әкімшілік қызметінің мақсатына қол жеткізуге қызмет ететіндіктен ғана жүзеге асыруға құқығы бар. Әкімшіліктің өз қызметінің нәтижесінде алған кірістері тек қана арнаулы құқықтық режимнің міндеттерін орындауға жұмсалады.
11. Әкiмшiлiктiң мүлкi мүлiктiк жарналар, сатып алу нәтижесiнде немесе заңмен тыйым салынбаған өзге де тәсiлмен қалыптасады.
Әкімшілік оған иеленуге, пайдалануға және билік етуге берілген, сондай-ақ республикалық бюджет қаражаты және осы Конституциялық заңда көзделген салықтардан, алымдардан және өзге де міндетті төлемдерден әкімшіліктің бюджетіне түсетін түсімдер есебінен құрылған (сатып алынған) мемлекеттік мүлікке қатысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырады.
Әкімшіліктің мүлкі – осы мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету құқығын жүзеге асыру үшін әкімшілікке берілген мемлекеттік мүліктен оқшауланған мүлік. Мемлекеттiк мүлiк әкiмшiлiктiң жеке балансында көрсетiледi және оған қатысты әкiмшiлiк бөлек есеп жүргiзедi.
12. Әкiмшiлiк өз мүлкіне және оған иеленуге, пайдалануға және билiк етуге берiлген мемлекеттiк мүлікке арнаулы құқықтық режимнiң мiндеттерi мен қағидаттарын ескере отырып, әкiмшiлiк туралы ережеде айқындалған мақсаттарда және әкімшілік қызметiнiң шегiнде ғана билiк етуге құқылы.
13. Әкімшіліктің мүлкін және Қазақстан Республикасының атынан иелену, пайдалану және билік ету құқықтарын жүзеге асыру үшін әкімшілікке берілген мемлекеттік мүлікті қалыптастыру көздері:
1) әкімшіліктің құрылтайшысы ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінен түсетін түсімдер, оның ішінде республикалық бюджет қаражаты;
2) Алатау қаласының коммуналдық мүлкі түріндегі түсімдер;
3) үшінші тұлғалардың ерікті мүліктік жарналары мен қайырмалдықтары;
4) әкімшіліктің қызметін жүзеге асырудан алынған кірістер;
5) дивидендтер (қатысу үлестері, акциялар, облигациялар, басқа да бағалы қағаздар және салымдар (депозиттер) бойынша алынатын кірістер, сыйақы);
6) осы Конституциялық заңда көзделген салықтар, алымдар және басқа да міндетті төлемдер бойынша түсімдер;
7) Кеңестің шешімі бойынша әкімшіліктің нормативтік құқықтық актілерінде көзделген өзге де көздер.
14. Әкімшіліктің иеленуіне, пайдалануына және билік етуіне берілуге тиіс Алатау қаласының коммуналдық мүлкінің тізбесі, мұндай берудің мерзімдері мен тәртібі Кеңестің шешімімен бекітіледі.
15. Әкімшілік осы Конституциялық заңға енгізілетін, әкімшілікті қайта ұйымдастыру немесе тарату тәртібін, сондай-ақ оның мүлкінің заңды тағдырын айқындайтын өзгерістер мен толықтырулар негізінде қайта ұйымдастырылуы немесе таратылуы мүмкін.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Читать еще раз
Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 27-бап. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының Алатау қаласының тыныс-тіршілігі мен оны дамытуға жәрдемде... Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы 24-бап. Алатау қаласының әкімдігіРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей