Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 28 Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы 2003 жылғы 1 шілдедегі N 446 Заңы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.12.2024

Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы
28-бап. Зиян келтiрген тұлғаға керi талап қою құқығы

1. Сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушы сақтанушыға (сақтандырылушыға) төленген сома шегiнде мынадай жағдайларда, егер:  

1) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның, қажеттi қорғану және аса қажеттiлiк жағдайында жасалған iс-әрекеттерiн қоспағанда, сақтандыру жағдайының туындауына бағытталған не оның басталуына септiгiн тигiзетiн қасақана iс-әрекеттерi салдарынан басталса;  

2) сақтанушының (сақтандырылушының) азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi оның көлiк құралын алкогольге, есiрткiге немесе уытқұмарлыққа мас болып жүргiзуi салдарынан басталса;  

3) көлiк құралын жүргiзушi адамның көлік оқиғасы жасалған кезде оны жүргізуге құқығы болмаса;  

4) соттың iстi талқылауы барысында сақтандыру жағдайы көлiк құралының техникалық ақауы салдарынан болғаны, олар туралы сақтанушының (сақтандырылушының) бiлгенi немесе бiлуге тиiстi екенi анықталса;  

5) көлiк құралы оның техникалық сипатына сай емес мақсаттарға пайдаланылса;  

6) сақтанушы (сақтандырылушы) сақтандыру жағдайынан болатын шығындарды азайту жөнiндегi шараларды қасақана қолданбаса;  

7) егер бұл факт зардап шеккен адамға медициналық көмек көрсетуге байланысты болған жағдайды қоспағанда, көлік құралын жүргізуші адам өзі қатысушысы болған көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалса; 

8) көлік құралын жүргізген және психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және мас күйін анықтау үшін медициналық куәландыруға жіберілген тұлға дәлелсіз себептермен мұндай куәландырудан өтпесе, кері талап қоюға құқылы.  

2. Егер осы баптың 1-тармағында санамаланған жағдайларда келтiрiлген зиянға осы Заңның 11-бабы 5-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген адам кiнәлi болып табылса, сақтандырушының сақтанушыға (сақтандырылушыға) керi талап қоюға құқығы бар. 

3. Сақтанушының (сақтандырылушының) сақтандырушы сақтандыру нәтижесiнде өтеген шығындар үшiн жауапты адамға керi талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ол төлеген сома шегінде ауысады. Бұл ретте, егер сақтандыру жағдайы автомобиль жолдарының және олардың бойындағы ғимараттардың қанағаттанғысыз күтiмiнен туындаған жол жағдайы себептерiнен болғаны анықталса, көлiк құралы иесiнің осындай жағдайлар жасауға кiнәлi тұлғаға талап қою құқығы сақтандыру төлемiн жүзеге асырған сақтандырушыға ауысады.  

Ескерту. 28-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2007.05.07 № 244 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.12.30 № 234-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 12.07.2022 № 138-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...26‑1 27 28 29 29‑1 ...32

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?


Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим


Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?


Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться