Ст. 348 КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 2017 жылғы 26 желтоқсандағы № 123-VІ ҚРЗ
ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ
348-бап. Жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың уақытша әкетуі
1. Еуразиялық экономикалық одақтың тауарлары болып табылатын жеке пайдалануға арналған тауарларды жеке тұлғалардың Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан уақытша әкетуіне Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде өзінің уақытша болу кезеңінде рұқсат етіледі. 2. Егер уақытша әкетілетін жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру оларды кедендік баждар, салықтар төленбей Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелуге ықпал ететін болса, жеке тұлғаның өтініші бойынша кеден органы осындай тауарларды сәйкестендіруді жүргізеді. Жеке пайдалануға арналған тауарларды сәйкестендіру туралы жолаушыларға арналған кедендік декларацияда көрсетіледі, оның бір данасы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан осындай тауарларды уақытша әкетуді жүзеге асыратын жеке тұлғаға беріледі.
Мұндай сәйкестендірудің болмауы жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды уәкілетті орган айқындаған тәртіппен кедендік баждарды, салықтарды төлемей, кеден органына бұл тауарлар Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан оларды әкеткеннен кейін Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелінетінін растаған жағдайда, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына қайта әкелуіне кедергі болмайды.
3. Уақытша әкетілген жеке пайдалануға арналған көлік құралдарына техникалық қызмет көрсетуге немесе жөндеу бойынша операциялар жүргізуге осындай жеке пайдалануға арналған көлік құралдары Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағының шегінен тыс жерде болған кезде қажет болғанда жол беріледі.
Осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес жеке пайдалануға арналған көлік құралына Қазақстан Республикасының тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарда есепке алуға (тіркелуге) жататын оның бөлшектерін ауыстыруға байланысты жөндеу жүргізу кезінде ауыстырылған бөлшегі мұндай жеке пайдалануға арналған көлік құралын Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына кері әкелу кезінде еркін айналымға шығару мақсатында кедендік декларациялауға жатады.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
О таможенном регулировании Статья 329. Содержание и применение таможенной процедуры уничтожения ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 346-бап. Иесімен бірге жөнелтілетін багажда өткізілетін жеке пайдалануға арналған тауарларға қатысты кедендік транзит кедендік рәсімін қолдану ерекшеліктері О таможенном регулировании Статья 274. Нормы выхода продуктов переработки ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 73-бап. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан әкетілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау О таможенном регулировании Статья 435. Таможенное наблюдениеРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей