Ст. 6 Волонтерлік қызмет туралы 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 42-VІ ҚРЗ
Волонтерлік қызмет туралы
6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері
. Волонтерлік қызмет:
1) жеке-дара волонтерлік қызмет;
2) волонтерлер тобы құрамындағы волонтерлік қызмет;
2-1) корпоративтік волонтерлік;
3) волонтерлік ұйым арқылы волонтерлік қызмет нысанында жүзеге асырылуы мүмкін.
2. Волонтерлік қызметтің негізгі түрлері:
1) әлеуметтік көмек, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарына, арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларға көмек көрсетуге қатысу;
2) қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қызмет көрсету, мүгедектігі бар адамдар үшін ортаның қолжетімділігін ұйымдастыру, жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік бейімдеу, интеграциялау және тәрбиелеу жөніндегі жұмысқа жәрдемдесу;
3) дүлей зілзалалар, экологиялық, техногендік және басқа да апаттар, әлеуметтік шиеленістер, жазатайым оқиғалар салдарынан зардап шеккен адамдарға, құқық бұзушылықтар құрбандарына, босқындарға және шарасыздан қоныс аударушыларға, сондай-ақ сырттан жасалатын көмек пен қолдауға мұқтаж адамдардың өзге де санаттары мен топтарына көмек көрсетуге қатысу;
4) орталық және жергілікті атқарушы органдарға төтенше жағдайлардың алдын алуға және салдарларын жоюға жәрдем көрсету;
5) хабарсыз кеткен адамдарды, Ұлы Отан соғысы мен оқшау соғыстарға қатысушылардың сүйектерін іздеуге қатысу;
6) қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға, аумақтарды абаттандыруға қатысу;
7) тарихи және мәдени мұраны сақтау, тарихи-мәдени мекендеу ортасын қалпына келтіру мен сақтау үшін мүмкіндіктер жасауға қатысу;
8) білім беруді, ғылымды, мәдениетті дамытуға, білімді танымал етуге, инновацияларды дамытуға қатысу;
9) дене шынықтыруды, спорт пен белсенді демалысты дамыту мен танымал етуге, өңірлік, өңіраралық, республикалық қоғамдық және халықаралық дене шынықтыру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу;
10) саламатты өмір салтын насихаттау бойынша жұмыс жүргізу, әлеуметтік мәні бар аурулардың таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі профилактикалық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу;
11) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгiленбесе, волонтерлік лагерьлер қызметін қоса алғанда, өңірлік, өңіраралық, республикалық және халықаралық мәдени, бұқаралық және басқа да ойын-сауық және қоғамдық іс-шараларды ұйымдастыру мен өткізуге қатысу, археологиялық қазбаларға, тарихи ғимараттардың қасбеттерін қалпына келтіруге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған жазғы сауықтыру лагерьлерінің жұмысына, конгресс-көрме қызметіне қатысу;
12) халықтар арасындағы татулықты, достық пен келісімді нығайтуға, әлеуметтік, ұлтаралық, конфессияаралық, этносаралық, діни шиеленістерді болғызбауға қатысу;
13) волонтерлік қызметтің Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де түрлері болып табылады.
3. Волонтерлік қызметті ұйымдастырушының волонтерлерді тарту кезінде немесе волонтерлік ұйымның волонтерлік қызметті жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес шарт жасасуға құқығы бар.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 № 91-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 04.07.2022 № 134-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 20.04.2023 № 226-VII (01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 57-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының құзыреті Құқық қорғау қызметi туралы 81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттары О карантине растений Статья 7-1. Функции государственных учреждений по обеспечению карантина растений Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 17-бап. Әуе кеңістігінде Мемлекеттік шекараны кесіп өту Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 25-бап. Мемлекеттік шекарада және шекаралық белдеуде шаруашылық, кәсіпшілік немесе өзге де қызметті жүргізу, қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де...Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей