Ст. 6 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219
Ойын бизнесi туралы
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері
1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады: 1) казино;
2) ойын автоматтары залы;
3) букмекер кеңсесі;
4) тотализатор.
2. Қазақстан Республикасының аумағында:
1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға;
2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне;
3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға;
5) букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардан (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан) тыс жерде бәс тігуді жасасуға, бәс тігу мөлшерлемелерін қабылдауға (есепке алуға), бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге;
6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне;
7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуды ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
8) бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге;
9) қызметі сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Добрый день, Я сегодня заполнил очередную декларацию 270, из за невнимательности не заполнил приобретенную недвижимость. При попытке удалить или изменить принятую декларацию, не могу найти подходящие причины. Прошу помощи для правильного заполнение удаление или изменение принятой деклараций 270.
Я получатель социальной выплаты по уходу за ребенком до 1,5 лет. Если продолжу работать, приостановят ли мне ежемесячные социальные выплаты. У меня ип без приостановления деятельности и трудоустройство.
Читать еще раз
Жылу энергетикасы туралы 18-бап. Осы Заңның талаптарын өрескел бұзып жүргізілген тексерулердің жарамсыздығы Жылу энергетикасы туралы 38-бап. Жылу энергиясын өндіру, тасымалдау және тұтыну кезінде пайдаланылатын энергетикалық, жылу-механикалық жабдық пен материалдарға қойылатын қауіпсіздік талаптары Қазақстан Республикасының сот жүйесi мен судьяларының мәртебесi туралы 8-бап. Аудандық соттың өкiлеттiгi Телерадио хабарларын тарату туралы 9-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік монополия Телерадио хабарларын тарату туралы 4-бап. Телерадио хабарларын тарату саласындағы мемлекеттік реттеудің негізгі қағидаттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей