Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 7 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 23.09.2020


Ойын бизнесi туралы
7-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті

Қазақстан Республикасының Үкіметі ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді, сондай-ақ өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды. 

Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
8-бап. Уәкілетті органның және өзге де мемлекеттік органдардың құзыреті  

1. Уәкілетті орган:  

1) ойын бизнесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады;  

2) ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың Қазақстан Республикасының ойын бизнесі туралы заңнамасын сақтауын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;  

3) алынып тасталды - ҚР 13.01.2014 N 159-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 

4) ойын бизнесін ұйымдастырушының осы Заңның 13-бабында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттардың тізбесі мен нысандарын әзірлейді және бекітеді; 

5) Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысу құқығына арналған лицензияны береді;  

6) лицензиардың электрондық тізілімін жүргізеді;  

7) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен; 

7-1) ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асырады; 

7-2) ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді; 

7-3) өзі айқындайтын тәртіппен ақпаратты жүйелі түрде жинауды және интернет-ресурстардың мазмұнын интернет-казино белгілерінің болуы-болмауы тұрғысынан талдауды жүзеге асырады; 

7-4) тотализаторлар мен букмекер кеңселері кассаларының тізілімін жүргізеді; 

8) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 

2. Өзге мемлекеттік органдар ойын бизнесі саласындағы қызметті мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.  

Ескерту. 8-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2009.08.28 N 192-IV (2010.03.08 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 13.01.2014 N 159-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 2014.06.10 № 206-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
 
Статья 1 ...5 6 7 8 9 ...17

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Отпуск за свой счёт , высчитывают в двойном размере заработной платы ,это есть такой закон?


Здравствуйте! Административно-бытовое здание принадлежит 5 собственникам в разных долях. Что создать "Простое товарищество" или ОСИ для того что бы содержать зднание.


Здравствуйте, Вам необходимо зарегистрировать свои права на данный дом. Если есть договор купли-продажи и на дом не наложены аресты, то Вам необходимо пройти в ЦОН и зарегистрировать свои права.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.

Прошу Вас помочь что нужно сделать.

У меня магазин в жилом доме цокольный этаж.

Сделал ремонт, открыл но потом пришел корановирус и я его закрыл.

Через месяц пришел директор ЖЭКа и сказал что затопили магазин.

Сантиметров 20 было канализации в магазине.

ЖЭК говорит что договор с нами не заключили и мы не отвечаем за это.

Хотя все инженерные сети переданы застройщиком ЖЭКу.

Что делать стоит ли подавать в суд.

Или нет.


Ас саляму алейкум ва рахматуллахи ва баракатух.


Последние комментарии







Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться