Ст. 38 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
1. Алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және:
1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2) "электрондық үкіметтің" архитектурасын, оны дамыту жөніндегі талаптарды, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды;
3) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) "электрондық үкіметтің" басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда);
5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын;
5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды;
6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын;
7) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
8) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді;
9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың:
1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың;
2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының;
3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады;
Осы тармақшада белгіленген талап қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады.
3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады.
4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді.
Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089 Telegram-WhatsApp Выезд в регионы либо онлайнАрман
Александр
michaelbates
Erik
Конечно, положена, даже не сомневайтесь!
Здравствуйте хотели аренду взять перед магазином свободный участок под стоянку по какому закону ссылаться ?
Саламатсыздарма сот орындаушы сотка откен ис бойынша толемеген кредит ушин букил айлыгымды устап калды каншалыкты занды 261. От 02.04.2010 ст 35 деп корсетип жане п2,ст 55 корсетилген мен соны тусинбедим
Здравствуйте,сына вынудили написать заявление по собственному желанию и не оплатили за не использованный отпуск,прав ли работодатель? Сын проработал 7 месяцев,положена ли ему компенсация?
Здравствуйте можно отказаться от производственным необходимостью. Они меня пугают если откажусь. Я уже целый год меня отработала уже на другой работе. Которые каждый раз уходит больнисный отпуск и
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей