Ст. 39 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ
Ақпараттандыру туралы
39-бап. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту
1. Алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен. 2. Осы Заңда және Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасында көзделген жағдайларда "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту кезінде ақпараттандыру және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету салаларындағы қорытындыларды алу қажет.
3. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларға сәйкес жүзеге асырылады.
"Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құруға және дамытуға арналған техникалық тапсырмаларды жасау және қарау қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
4. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін құру және дамыту:
1) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін әзірлеуді;
2) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалануды ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға сәйкес жүргізуді, оның ішінде:
тәжірибелік пайдалануды жүргізу рәсімдерін құжаттауды;
оңтайландыруды және анықталған ақаулар мен кемшіліктерді кейіннен оларды түзете отырып жоюды;
тәжірибелік пайдаланудың аяқталғаны туралы актіні ресімдеуді қамтиды.
Тәжірибелік пайдалануды жүргізу мерзімі бір жылдан аспауға тиіс;
3) осы Заңға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестігіне сынауды;
4) Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін ендіруді;
5) "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін тәжірибелік пайдалану дұрыс аяқталған, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамалары болған жағдайда техникалық құжаттама талаптарына сәйкес "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін өнеркәсіптік пайдалануға енгізуді қамтиды.
5. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісін дамыту оны осы бапқа сәйкес өнеркәсіптік пайдалануға бергеннен кейін жүзеге асырылады.
6. Ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру шеңберінде "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту осы Заңға, Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына және "электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді құру, дамыту, пайдалану, сатып алу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы





Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Добрый день. Статьи кодекса в старой редакции! в 2025 г. ст.349 это вычет на обучение, а вас до сих пор вознаграждение и другие также и нет новых введенных статей.
по сигнализации Кода КОФ убрали?
Читать еще раз
Ақпараттандыру туралы 62-бап. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын кадрлық және ғылыми қамтамасыз ету Ақпараттандыру туралы 30-бап. Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі және "электрондық үкіметтің" электрондық поштасының бірыңғай шлюзі Ақпараттандыру туралы 10-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың ақпараттандыру саласындағы құзыретi Ақпараттандыру туралы 58-бап. Бюджеттік инвестициялардың техникалық-экономикалық негіздемесіне немесе қаржылық-экономикалық негіздемесіне ақпараттандыру саласындағы сараптаманың қорытындысы Тауар биржалары туралы 29-бап. Қазақстан Республикасының тауар биржалары туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылықРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей