Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 36 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 16.11.2023

Ақпараттандыру туралы
36-бап. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар

1. Дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға және қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға бөлінеді.

Жалпыға бірдей қолжетімді дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға дербес деректер субъектісінің келісуі бойынша өздеріне қол жеткізу еркін болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтын дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстар жатады.

Қолжетімділігі шектелген дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға өздеріне қол жеткізуді дербес деректердің субъектісі немесе Қазақстан Республикасының заңдары шектеген электрондық ақпараттық ресурстар жатады.

Қолжетімділігі шектеулі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарға қол жеткізу кезінде көпфакторлы аутентификациялау қолданылады.

2. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иесі немесе иеленушісі дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды ақпараттық жүйенің меншік иесіне немесе иеленушісіне беру кезінде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып жинауға және өңдеуге келісімін алуға міндетті.

3. Мемлекеттік қызметті электрондық нысанда көрсеткен кезде дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің дербес деректерді ақпараттық жүйелер арқылы жинауға және өңдеуге келісімі дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы беріледі.

Дербес деректер субъектісі дербес деректерді жинауға және өңдеуге "электрондық үкіметтің" веб-порталында тіркелген өзінің ұялы байланыс абоненттік нөмірі арқылы, сондай-ақ бір реттік парольді беру жолымен немесе "электрондық үкіметтің" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқаша мәтіндік хабарды жіберу жолымен келісім беруге құқылы.

4. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектілерін немесе олардың заңды өкілдерін дербес деректерге қол жеткізуді мемлекеттік бақылау сервисі арқылы автоматты режимде дербес деректер субъектілері немесе олардың заңды өкілдері "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген жағдайда, Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының, арнаулы мемлекеттік органдарының және соттардың қызметін жүзеге асыруды, атқарушылық іс жүргізуді қоспағанда, ақпараттық өзара іс-қимыл шеңберінде дербес деректерді пайдаланудың, өзгертудің және толықтырудың барлық жағдайлары туралы хабардар етуге міндетті.

5. "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздерден басқа, мемлекеттік орган мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстардың нақты қателері және дәлсіздіктері анықталған жағдайларда, оларды жою мақсатында дербес деректер субъектісінің немесе оның заңды өкілінің сұрау салуын алғаннан кейін оларды өзгертуді және толықтыруды жүзеге асыруы мүмкін.

5-1. Жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесінің немесе иеленушісінің пайдаланушының ақпаратты орналастыруы бойынша қызмет көрсетуі "электрондық үкімет" порталында сәйкестендіріліп жазбаша түрде (оның ішінде, электрондық нысанда) жасалатын келісім негізінде, келісім жасасу үшін бір реттік парольді қамтитын қысқаша мәтіндік хабарлама жөнелте отырып немесе ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан интернет сервистерін пайдалана отырып, пайдаланушының жалпыға қолжетімді электрондық ақпараттық ресурста тіркелген ұялы байланысының абоненттік нөмірін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Пайдаланушының ақпаратты орналастыруы өз атымен немесе бүркеншік атпен (ойдан шығарылған атпен) жүзеге асырылады. Дербес деректерді иесіздендіру келісімде айқындалған негізде және тәртіппен жүзеге асырылады. Электрондық ақпараттық ресурстың меншік иесі немесе иеленушісі келісім жасасу кезінде пайдаланылатын ақпаратты бүкіл қолдану кезеңінде, сондай-ақ келісім бұзылғаннан кейін үш ай бойы сақтауға міндетті.

6. Жеке тұлғалар туралы дербес деректерді қамтитын электрондық ақпараттық ресурстарды оларға мүліктік және (немесе) моральдық зиян келтіру, Қазақстан Республикасының заңдарында кепілдік берілген құқықтары мен бостандықтарын іске асыруды шектеу мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің электрондық ақпараттық ресурстарды тек қана автоматтандырылған өңдеу негізінде, оның ішінде дербес деректер субъектілерінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын интеллектуалдық робот арқылы шешімдер қабылдауына тыйым салынады, бұған көрсетілген шешім дербес деректер субъектісінің келісімімен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда қабылданатын жағдайлар кірмейді.

Электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелері немесе иеленушілері дербес деректер субъектісінің құқықтары, заңды мүдделері соның нәтижесінде туындайтын, өзгеретін немесе тоқтатылатын автоматтандырылған өңдеу пайдаланылатыны туралы дербес деректер субъектісіне хабар беруге міндетті.

Дербес деректер субъектісі электрондық ақпараттық ресурстардың меншік иелерінің немесе иеленушілерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

7. Электрондық ақпараттық ресурстар деректерді басқару жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деректерді басқару жөніндегі талаптарға сәйкес оларды иесіздендіру шартымен функцияларды мемлекеттік органдардың іске асыруы мақсатында деректерді талдауды жүзеге асыру үшін пайдаланылады.

8. Электрондық ақпараттық ресурстарда қамтылған дербес деректерді сақтауды меншік иесі және (немесе) оператор, сондай-ақ үшінші тұлға уәкілетті орган айқындайтын тәртіпке сәйкес дербес деректерді қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдай отырып, Қазақстан Республикасының аумағындағы серверлік үй-жайда орналасқан электрондық базада жүзеге асырады.

Ескерту. 36-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.01.2021 № 399-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 30.12.2021 № 96-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 19.04.2023 № 223-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. Ақпараттық жүйелер. "Электрондық үкіметтің" ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклі
Ескерту. 6-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...34 35 36 37 38 ...67

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

Здравствуйте! Подскажите пожалуйста, как доказать свою невиновность в уголовном деле о растрате веренного имущества. Дело было 2017 году продал ТОО акт приёма передачи оформили передал все документы и печати, спустя три года звонит следователь и требует бухгалтерию, я ему объяснил что передал новому владельцу и забылось ещё на год, в 2021 году в апреле меня в качестве свидетеля имеющего право на защиту позвали на допрос, я нанял адвоката и там я узнаю что ТОО перепрадали 5 раз и со счетов обналичили сумму денег и папка с бугалтерией пропала. В ходе очных ставок бухгалтер подтвердила что я работал честно ( я каждую бумажку сдавал бухгалтеру и бухгалтер вносила в С1). Теперь мне вминяют растрату в сумме 8 000 000 тенге и следователь не хочет ничего слышать. Ко мне подошёл на улице человек и сказал чтобы мне выпутатся из этого темнего дела нужно дать взятку, я рассказал об этом адвокату который категорически запретил мне даже думать об этом, как я понял при сдаче взятки доказывать нечего не нужно. В С1 все есть но нет подтверждающих документов, я следователю все что помнил расписал но это вызвало у него только смех! 4 владельца тоо которые перепродали вышли сухими хотя в материалах уголовного дела у них числились недостатки. Как мне быть? Куда писать? Я понял что человек ничто и зовут его никак! И нет правды! На адвоката нет денег, больной ребёнок инвалид. Подскажите, Спасибо!


Здравствуйте. Меня отправляют на профессиональное обучение. Обучение будет проходить в моем "родном" городе, т.е. где я прописан и живу. Мне отказывают в оформлении командировки поясняя тем, что я нахожусь в своем родном городе. Согласен, что мне не нужно жилье, но суточные мне обязаны выплатить, мне в этом отказывают. Поясните мне это законно, что мне не выплачивают суточные? Прочитал ТК, но четкого пояснения нету. Что мне делать? как доказать, что нужно выплачивать суточные

Посмотрите в трудовом договоре место город выполнения ваших функций. Направление вас на обучение в другой город, в любом случае будет командировкой. Это уже предполагает выплату командировочных расходов (проезд, проживание, суточные). Понятие "родной" город не подразумевает иждивение в то время когда вы не будете работать, а будете учиться далеко от места вашего проживания. Взвесьте все ЗА/ПРОТИВ, возможно стоит озвучить мотивы вашего отказа от командировки, возможно рассмотреть дистанционное обучение, возможны другие предложения вашей ситуации


не совсем понятен первый вопрос, но попробую ответить. Есть ли штатная единица с названием вашей должности в штатном расписании работодателя известно только работодателю. Законность оформления вас для выполнения функций отражена договором между вами и работодателем (трудовой в соответствии с ТК РК либо на выполнение каких-то работ в соответствии с ГК РК). Если с вами ежемесячно подписывают акты выполненных работ, полагаю что в договоре на выполнение работ прописано обязательство по уплате обязательных отчислений и налогов и сроки. Вообще по НК РК пенсионные отчисления уплачиваются до 25 числа следующего месяца (например за октябрь должны быть уплачены мах до 25 ноября).


жұмыстан 1 күн себеппен сұранған едім бастық жұмыста болмағансын деп жұмыстан шығармақшы кандай баппен шығармақшы


КСК в расчете ежемесячных отчислений накоплений на капремонт использует квадратные метры квартир собственников жилья и без всякого дополнительного соглашения. ЭТО ведь противоречит сути закона.ГДЕ четко сказано что в расчетах отчислений по этой позиции накоплений на капремонт необходимо использовать долю каждого в общедомовом имуществе НО КВАДРАТНЫЕ МЕТРЫ собственника квартиры не могут являться таковыми. Могу ли я как специалист и собственник квартиры произвести расчет отчислений на капремонт исходя из площадей находящихся в общедомовой собственности исходя из равновесной доли каждого в ней с последующим внесением изменений в платежке.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться