Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 101 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 22.10.2026

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
101-бап. Ерекше жағдайлар режимі

1. Табиғи, техногендік және әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай туындаған, мекеме орналасқан ауданда төтенше, ерекше немесе соғыс жағдайы енгізілген кезде, жаппай тәртіпсіздіктер болған, сондай-ақ сотталғандар топтасып бағынбаған кезде мекемеде ерекше жағдайлар режимі енгізілуі мүмкін. 

2. Ерекше жағдайлар режимі қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының Қазақстан Республикасының Бас Прокурорымен келісілген шешімі бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге енгізіледі. 

Көрсетілген мерзімдерде ерекше жағдайлар режимін енгізу мақсаттарына қол жеткізілмеген жағдайда, оның қолданылу уақытын аталған лауазымды адамдар қосымша отыз тәулікке дейін ұзартады. 

3. Сотталғандардың, персоналдың немесе өзге де адамдардың өмірі мен денсаулығына тікелей қатер төнген жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесі аумақтық органының басшысы аумақтық ішкі істер органының басшысымен және облыс прокурорымен немес оған теңестірілген прокурормен келісу бойынша, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысын дереу хабардар ете отырып, осы баптың төртінші бөлігінде көзделген шараларды өз бетінше енгізуге құқылы. 

Мұндай жағдайда, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысы хабарламаны алған күннен бастап бір тәулік ішінде ерекше жағдайлар режимін енгізу туралы немесе енгізілген шаралардың күшін жою туралы шешім қабылдайды. 

4. Ерекше жағдайлар режимі қолданылған кезеңде және осы баптың үшінші бөлігінде көрсетілген жағдайларда, мекемеде сотталғандардың осы Кодекстің 105 – 113-баптарында көзделген құқықтарының жүзеге асырылуы тоқтатыла тұруы, күзету мен қадағалаудың күшейтілген нұсқасы, объектілерге жіберудің ерекше тәртібі енгізілуі, күн тәртіптемесінің өзгеруі, өндірістік, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени-ағарту, медициналық-санитариялық және өзге де қызметтердің жұмысы шектелуі мүмкін. 

Ескерту. 101-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...99 100 101 102 103 ...177

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?


Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться