Ст. 115 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
115-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету
1. Мекемелердегі бір сотталған адамға шаққандағы тұрғын алаңның нормасы – екі жарым шаршы метрден, әйелдерді ұстауға арналған мекемелерде – үш шаршы метрден, кәмелетке толмағандар үшін – үш жарым шаршы метрден кем болмауы керек. 2. Сотталғандардың тұрақты тұруына арналған ортақ тұрғын үй-жайларда, бөлмелер мен камераларда нақты бар тұрғын алаң негізге алына отырып, осы баптың бірінші бөлігінде белгіленген нормаларға сәйкес жазаны өтеу орындарының лимиті айқындалады.
Әр мекеме үшін жазаны өтеу орындарының лимитін қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган белгілейді және сотталғандардың тұрақты тұруына арналған жаңа тұрғын алаңдар пайдалануға берілген және бұрыннан бар тұрғын алаңдар реконструкцияланған кезде өзгереді.
3. Сотталғандарға жеке жатын орындар мен төсек керек-жарақтары беріледі.
Сотталғандар тамақпен, бірінші кезекте қажетті заттармен, жынысы және климаттық жағдайлар ескеріле отырып, маусым бойынша киіммен, ішкиіммен және аяқкиіммен бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
4. Сотталғандарды еңбекке тартатын кәсіпорындар қаражаты есебінен оларға белгіленген нормалардан тыс қосымша тамақтандыру ұйымдастырылуы мүмкін.
Тамақ өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сатып алу үшін жұмсауға рұқсат етілетін, осы Кодексте белгіленген ақша сомасынан асырып, сотталғандар ақшаны уақытша орналастырудың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы қаражатынан: мекемелерде пайдалануға рұқсат етілген аяқкиім мен киімді, оның ішінде спорттық аяқкиім мен киімді қосымша сатып алуға; медициналық көрсетімдер бойынша қажетті емдәмдік тамақ алуға; өздерінің қалауы бойынша көрсетілетін емдеу-профилактикалық және нормативтік құқықтық актілерде айқындалатын өзге де қосымша қызметтер көрсетудің ақысын төлеуге құқылы.
5. Жүкті әйелдерге, бала емізетін аналарға, кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ науқастар мен мүгедектігі бар адамдарға жақсартылған тұрғынжай-тұрмыстық жағдайлар жасалады және тамақтанудың жоғарылатылған нормалары белгіленеді.
6. Мүгедектігі бар сотталғандар ұсталатын ғимараттар мен үй-жайлар арнаулы техникалық құралдармен және құрылғылармен жабдықталады.
Ескерту. 115-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.06.2022 № 129-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 113-бап. Мекеменің шегінен тыс жерге шығу ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 112-бап. Радиохабарлар тыңдау және телехабарлар көру ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 111-бап. Сейілдеулер ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 131-бап. Жазалау шараларыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей