Ст. 117 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
117-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету
1. Сотталғандарға медициналық көмек Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес көрсетіледі. 2. Қылмыстық-атқару жүйесінде сотталғандарға амбулаториялық, стационарды алмастыратын, стационарлық жағдайларда медициналық көмек көрсету үшін медициналық ұйымдар (соматикалық, психиатриялық және туберкулезге қарсы ауруханалар (бөлімшелер), амбулаториялық-емханалық көмек көрсететін ұйым) ұйымдастырылады. Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты психикасының, мінез-құлқының бұзылулары (аурулары) бар сотталғандарды мәжбүрлеп емдеуді мекемеде орналасқан медициналық ұйым жүзеге асырады.
Ескерту. 2-бөлік жаңа редакцияда – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
3. Мекеме әкімшілігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы талаптардың орындалуына жауапты болады.
3-1. Мекеме әкімшілігі сотталғандарға медициналық қызмет көрсетуге арналған үй-жайларды ұсынады және осы үй-жайлардың тиісінше жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Ескерту. 3-1-бөлікпен толықтырылды – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Мекемелерде туберкулезге қарсы көмекті, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды ұйымдастыру және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынылатын сотталғандарды медициналық куәландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 4-бөлікке өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2021 № 95-VII Заңымен (мынадай:
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарға қатысты – 2022 жылғы 1 шілдеден бастап;
қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдарға қатысты 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі).
5. Жазасын өтеп жүрген адам қайтыс болған жағдайда, мекеме әкімшілігі бұл туралы прокурорға, жұбайына (зайыбына) немесе туыстарына, ал шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам қайтыс болған жағдайда – қосымша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне дереу жазбаша нысанда хабарлайды.
Ескерту. 117-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 07.07.2020 № 361-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) ; 30.12.2021 № 95-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз) Заңдарымен.
Лучшие юристы





2019 году купил землю селхоз назначения 2.7 га, 2022 году продал (кфх). теперь, я должен ли платить 10 процент налог от продажи?
Здравствуйте, Нет, только с момента возобновления деятельности представляете отчёт
Гость вы можете обратиться напрямую ЧСИ или взыскателю если они отказываются то идти в административный суд
Здравствуйте, подскажите пожалуйста если ип хочет возобновить свою деятельность досрочно, после подачи заявления о возобновлении нужно ли сдавать отчеты за тот период на который она была приостановленна?
Подскажите приостоновили вычет для многодетной семьи, это законно?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей