Ст. 24 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
24-бап. Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
1. Айыппұл, сондай-ақ мүлікті тәркілеу түріндегі жазаларды мүліктің тұрған жері бойынша және сотталған адамның жұмыс орны бойынша әділет органдары орындайды. 2. Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру түріндегі жазаны орындауды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі не бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны орындау кезінде мекеме жүзеге асырады.
Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру туралы сот үкімін сотталған адамның жұмыс орны бойынша ұйым әкімшілігі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілі бір қызметпен айналысуға берілген рұқсатты қайтарып алуға құқығы бар органдар орындайды.
3. Белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыру туралы сот үкімінің орындалуын уәкілетті мемлекеттік органдар бақылайды.
4. Қамаққа алу түріндегі жазаны ішкі істер органдары және әскери полиция органдары орындайды.
5. Шетел азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыс шығарып жіберу туралы жазаны Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары мен ішкі істер органдары орындайды.
6. Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық дәрежеден, біліктілік сыныбынан айыру бөлігінде сот үкімін атақты, сыныптық шенді, дипломатиялық дәрежені, біліктілік сыныбын берген лауазымды адам орындайды. Мемлекеттік наградаларды оларға қоса берілген құжаттармен бірге алып қоюды олар тұратын жердегі пробация қызметі жүргізеді.
7. Түзеу жұмыстары, сондай-ақ қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаларды сотталған адамның тұрғылықты жеріндегі пробация қызметі орындайды.
8. Алып тасталды – ҚР 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9. Бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны мекемелер, сондай-ақ шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылған немесе жіберілген сотталғандарға қатысты тергеу изоляторлары орындайды.
10. Жазасын өтеуден шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамдардың мінез-құлқын бақылауды олардың тұрғылықты жеріндегі ішкі істер органдары жүзеге асырады.
11. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған адамдар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
12. Жазасын орындау кейінге қалдырылған жүкті әйелдер мен жас балалары бар әйелдер, жас балаларын жалғыз өзі тәрбиелейтін ерлер пробация қызметінің бақылауында болады.
12-1. Ауруына байланысты жазадан босатылған не жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған адамдар өзі босатылған не бекітіліп берілген қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің бақылауында болады.
13. Шартты түрде сотталған және бас бостандығын шектеуге сотталған кәмелетке толмағандар пробация қызметінің пробациялық бақылауында болады.
14. Пробация қызметтері мен полиция бөлімшелерінің пробация қызметтерінің есебінде тұрған адамдардың мінез-құлқына бақылау жасау жөніндегі өзара іс-қимылы қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 № 239-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 17.03.2023 № 212-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 22-бап. Пробация қызметінің өкілеттіктері ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 26-бап. Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 21-бап. Пробациялық бақылау шарттары Индустриялық-инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау туралы 21-бап. Білікті кадр ресурстарымен қамтамасыз ету ҚР Қылмыстық-атқару кодексiРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей