Ст. 55 ҚР Бюджет кодексi 2025 жылғы 15 наурыздағы № 171-VII
ҚР Бюджет кодексi
55-бап. Мемлекеттік органдар мен мемлекеттік мекемелердің бюджеттен тыс қызметі
1. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында жеке немесе заңды тұлғалардың мемлекетке немесе өңірге мүліктік және мүліктік емес игіліктер, оның ішінде ақшалай нысанда беруге бағытталған міндеттемелері көзделсе, уәкілетті салалық мемлекеттік органдар және (немесе) жергілікті атқарушы органдар:
орталық салалық мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен сомаларын көрсете отырып, жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиісті есептілігін қалыптастыру арқылы мониторингтеуді;
мониторинг пен есептілік нәтижелерін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосуды;
мониторинг пен есептілік нәтижелерін ресми интернет-ресурста жариялауды жүзеге асырады.
2. Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың функциялары Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес бәсекелес ортаға берілген жағдайда, тиісті орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар аутсорсинг, мемлекеттік тапсырма, заңды тұлғаларға арналған трансферттерді беру, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, пайдаланушылар есебінен беру, міндетті мүшелікке (қатысуға) негізделген өзін-өзі реттеуді енгізу арқылы орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдар функцияларының тізіліміне сәйкес бәсекелес ортаға берілген функциялардың жүзеге асырылуын мониторингтеу нәтижелерін тиісті бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепке қосады.
Орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органның функцияларын бәсекелес ортаға беру нәтижесінде қызметтер көрсететін және қоғамдық маңызы бар мақсаттарды көздейтін жекелеген заңды тұлғалардың (бұдан әрі осы тармақта – заңды тұлға) пайдасына жеке және заңды тұлғалар төлейтін, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін міндетті нысаналы төлемдер парафискалдық төлемдер болып табылады.
Заңды тұлғаның өкілеттіктері және қызметінің мазмұны, функциялары, парафискалдық төлемдердің мақсаты және олардың жұмсалуы Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Заңды тұлға және парафискалдық төлемдерді алып қою тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады.
Салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті орган және тиісті жергілікті атқарушы орган түсімдердің сомаларын көрсете отырып, парафискалдық төлемдердің тізілімін жүргізеді және олардың сақталуы, таратылуы немесе бюджетке берілуі тұрғысынан оларды талдауды жүзеге асырады.
Парафискалдық төлемдердің тізілімі Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдер туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы орталық уәкілетті орган қалыптастыратын, парафискалдық төлемдерге алып келетін, орталық және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың бәсекелес ортаға берілген функцияларының тізілімі негізінде жүргізіледі.
Мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл тәртібін және осы тармақтың алтыншы бөлігінде көрсетілген тізілімді салық саясаты саласындағы орталық уәкілетті органға ұсыну мерзімдерін мемлекеттік басқару жүйесін дамыту саласындағы уәкілетті орган белгілейді.
Лучшие юристы


Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.
Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане
Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?
Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru
Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей