Ст. 489 ҚР Салық кодексi 2025 жылғы 18 шiлдедегi № 214-VIII ҚРЗ
ҚР Салық кодексi
489-бап. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау тәртібі
1. Есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын бөлек есепке алуды жүргізу арқылы айқындау кезінде қосылған құн салығын төлеуші салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомаларын бөлек есепке алуды жүргізеді.
2. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайлардан басқа, бөлек есепке алуды жүргізу кезінде:
1) есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы түзету ескеріле отырып, салық салынатын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;
2) есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы салық салынбайтын айналымның мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылмайтын қосылған құн салығының мөлшерінде айқындалады;
3) бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын алынған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке жатқызуға рұқсат етілген және есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасына бөлінеді, олар мынадай формулалар бойынша айқындалады:
ҚҚСер = ҚҚСеж х А сс / А жал;
ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСер – есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
ҚҚСеж – бір мезгілде салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың мақсаттары үшін пайдаланылатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша түзету ескеріле отырып, есепке жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін;
А сс – салық салынатын айналымның салықтық кезеңдегі сомасы. Бұл ретте осы Кодекстің 487-бабының 2-тармағында көрсетілген тұлғалар А сс-ны осы бапқа сәйкес олар бойынша бөлек есепке алуды жүргізу жүзеге асырылатын айналымдар ретінде айқындайды;
А жал – салық салынатын және салық салынбайтын айналымдардың сомасы ретінде айқындалатын, айналымның жалпы сомасы;
ҚҚСере – есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы. Бұл сома теріс мәнге ие болуы мүмкін.
Есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тәртіппен есепке алынады.
3. Осы Кодекстің 476-бабының 1-тармағына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісі өткізілген жағдайда, осы объектіні салу процесінде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы осы бапқа сәйкес айқындалады және аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу жүзеге асырылатын салықтық кезеңде:
1) осы Кодекстің 476-бабына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын айналым түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – көрсетілген тауарлар бойынша оларды сатып алу күніне қолданыста болатын мөлшерлеме бойынша есепке жатқызылатын қосылған құн салығының мөлшерінде;
2) осы Кодекстің 476-бабына сәйкес бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын аяқталмаған құрылыс объектісін өткізу кезінде – аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілетін бөлігіне тура келетін қосылған құн салығының мөлшерінде есепке алынады, ол мынадай формула бойынша есептеледі:
ҚҚС ақер = ҚҚСже х Sақб / Sақ, мұнда:
ҚҚС ақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің өткізілген бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы;
ҚҚСже – құрылысқа пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша осы Кодекстің 482-бабының 4-тармағына сәйкес өткізу күніне жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы;
Sақб – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі болып табылатын өткізілетін аяқталмаған құрылыс объектісінің жобалау-сметалық құжаттама бойынша алаңы;
Sақ – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің жалпы алаңы.
4. Қосылған құн салығынан босатылатын және қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуды жүзеге асыратын қосылған құн салығын төлеуші тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күніне тура келетін салықтық кезеңде осындай тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуға пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасын мынадай формула бойынша айқындауға құқылы:
ҚҚСер = (ҚҚСеж – ҚҚСақер) х Sтеү / Sтғ, мұнда:
ҚҚСер – өткізу бойынша айналымы осы Кодекстің 476-бабы 1-тармағының ережелері ескеріле отырып, қосылған құн салығы салынуға жататын тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бөлігі) бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығының сомасы;
ҚҚСеж – қосылған құн салығынан босатылатын, сондай-ақ қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған тұрғын ғимаратты (тұрғын ғимараттың бөлігін) салуға пайдаланылған тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша есепке жатқызылатын жеке есепке алынатын қосылған құн салығының сомасы. Салық сомасы Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес тұрғын ғимаратты пайдалануға қабылдау күніне айқындалады;
ҚҚСақер – бұрын қосылған құн салығынан босатылатын, сол сияқты бұрын қосылған құн салығы салынатын айналымдар түрінде өткізуге арналған аяқталмаған құрылыс объектісінің бөлігі бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілген қосылған құн салығы. Салық сомасы осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен айқындалады;
Sтеү – тұрғын ғимараттағы (тұрғын ғимараттың бөлігіндегі) тұрғын емес үй-жайлардың алаңы;
Sтғ – тұрғын ғимараттың (тұрғын ғимарат бөлігінің) жалпы алаңы.
Бұл ретте есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы осы Кодекстің 259-бабында айқындалған тәртіппен есепке алынады және мынадай формула бойынша айқындалады:
ҚҚСере = ҚҚСеж – ҚҚСақер – ҚҚСер, мұнда:
ҚҚСере – осы Кодекстің 476-бабының 1-тармағына сәйкес өткізу бойынша айналымдары қосылған құн салығынан босатылатын тұрғын ғимарат (тұрғын ғимараттың бөлігі) бойынша есепке жатқызуға рұқсат етілмеген қосылған құн салығының сомасы.
Лучшие юристы
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей