< Ойын бизнесi туралы

Ст. 6 Ойын бизнесi туралы 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ойын бизнесi туралы
6-бап. Ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлері

1. Қазақстан Республикасында ойын бизнесі саласындағы қызметтің мынадай түрлері жүзеге асырылады:  

1) казино;  

2) ойын автоматтары залы;  

3) букмекер кеңсесі;  

4) тотализатор.  

2. Қазақстан Республикасының аумағында: 

1) осы баптың 1-тармағында көзделмеген ойын бизнесі саласындағы қызмет түрлерін жүзеге асыруға; 

2) электрондық казино және интернет-казино қызметіне; 

3) өзге мүлік түрінде ұтыс беруге жол берілетін казино қызметін қоспағанда, ақшадан басқа өзге мүлік түрінде мөлшерлемелер қабылдауды және (немесе) ұтыс беруді көздейтін құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге; 

4) осы Заңның 11-бабының 1-тармағында көзделген орындарды қоспағанда, ойын жабдығын кәсіпкерлік мақсатта орнатуға және пайдалануға; 

5) букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардан (букмекерлік кеңселердің және (немесе) тотализаторлардың кассаларынан) тыс жерде бәс тігуді жасасуға, бәс тігу мөлшерлемелерін қабылдауға (есепке алуға), бәс тігу бойынша ұтыс төлеуге; 

6) тотализатор немесе букмекер кеңсесі қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылар болып табылмайтын тұлғалардың бәс тігуіне, мөлшерлемелерді қабылдауына (есепке алуына), ұтыс төлеуіне; 

7) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатуды ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны түрінде құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге; 

8) бағдарламалық қамтылым генерациялайтын және (немесе) жабдықты (механикалық, электрлі, электрондық немесе өзге де техникалық жабдықты) пайдалану және (немесе) оқиғаны тікелей трансляциялаудан басқа, оны кез келген визуализациялау арқылы оқиғаларға бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге; 

9) қызметі сот актісі негізінде Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз деп танылған шетелдік ойын бизнесін ұйымдастырушылардың пайдасына төлемдерді жүзеге асыру бойынша қызметтер көрсетуге тыйым салынады. 

Ескерту. 6-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.05.04 N 157-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 24.04.2015 № 310-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2020 № 356-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...4 5 6 7 8 ...17
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться