< Ақпараттандыру туралы

Ст. 38 Ақпараттандыру туралы Заңы 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V ҚРЗ


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 02.03.2025

Ақпараттандыру туралы
38-бап. Мемлекеттiк органның ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар

1. Алып тасталды - ҚР 18.03.2019 № 237-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі). 

2. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік цикліне сәйкес және: 

1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды; 

2) "электрондық үкімет" архитектурасын, сондай-ақ деректерді басқару жөніндегі талаптарды; 

3) алып тасталды – ҚР 14.07.2022 № 141-VII (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

4) "электрондық үкіметтің" басқа ақпараттандыру объектілерімен интеграциясын (қажет болғанда); 

5) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығының ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларының мониторингі жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылын; 

5-1) ақпараттық қауіпсіздіктің меншікті жедел орталығын құруды және оның жұмыс істеуін немесе Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес үшінші тұлғалардан ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығының көрсетілетін қызметтерін сатып алуды; 

6) еркін бағдарламалық қамтылымның басымдығын; 

7) алып тасталды – ҚР 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен;

8) сыныптауышқа сәйкес сынып беруді; 

9) мүмкіндіктері шектеулі пайдаланушылардың қол жеткізуін қамтамасыз етуді ескере отырып құрылады, пайдаланылады және дамытылады. 

2-1. Мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыруға арналған мемлекеттік заңды тұлғаның ақпараттық жүйесі және мемлекеттік емес ақпараттық жүйе Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын стандарттарға, ақпараттық жүйенің өмірлік циклына сәйкес және мыналардың: 

1) уәкілетті органмен және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен келісілген техникалық тапсырманың; 

2) ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестікке сынақтардың оң нәтижелері бар сынақтар хаттамаларының; 

3) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің мемлекеттік емес ақпараттық жүйемен өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы ғана интеграциялануы талаптары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады; 

Осы тармақшада белгіленген талап қаржы ұйымдарының ақпараттық жүйелері өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген "электрондық үкіметтің" сыртқы шлюзі арқылы интеграцияланған кезде оларға қолданылмайды;  

4) ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің бірыңғай талаптарының шарттары орындалған жағдайда құрылады, пайдаланылады және дамытылады. 

3. Электрондық ақпараттық ресурста қамтылған ақпарат, нормативтік-техникалық құжаттама, сондай-ақ мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінің басқа да ілеспе құжаттары қазақ және орыс тiлдерiнде жасалады және сақталады. 

4. Мемлекеттік органның ақпараттық жүйесінің меншік иесі немесе иеленушісі немесе ол уәкілеттік берген тұлға Ақпараттық қауіпсіздікті ұлттық үйлестіру орталығына ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мониторингін жүргізу үшін оның орналасқан жері бойынша мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіне қолжетімділікті қамтамасыз етеді. 

Ескерту. 38-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 28.12.2017 № 128-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 18.03.2019 № 237-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.06.2020 № 347-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 14.07.2022 № 141-VII (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 11.12.2023 № 44-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.05.2024 № 86-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...36 37 38 39 39‑1 ...67
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

Вы можете проверить свой статус ОСМС в личном кабинете на портале egov.kz. Если Вы являетесь застрахованным лицом, Вы можете воспользоваться всеми доступными в программе ОСМС видами лечения во всех медицинских организациях, оказывающих стационарную помощь в системе ОСМС.



Если я оплачиваю медстрахование как ИП на себя я могу получать безплатное лечение.Любой клинике Казахста например г Астане



Здравствуйте. Полуторный размер начисляется на полную ЧТС или только на её окладную часть?



Админы сайта добрый день! Не могу найти ваши контакты, есть предложение по сотрудничеству. С кем можно обсудить? Напишите на askar001@mail.ru



Сдать дополнительный декларацию или отозвать заново сдать срок исковой давности согласно ст 48 НК



Последние комментарии




Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться