Ст. 251 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
251-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтініш
1. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны алуға мүдделі тұлға жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ол белгілеген нысан бойынша өтініш береді.
2. Өтініште мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) жеке тұлғалар үшін – өтініш иесінің тегі, аты және әкесінің аты (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе), тұрғылықты жері, азаматтығы, өтініш иесінің жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер;
заңды тұлғалар үшін – өтініш иесінің атауы, орналасқан жері, заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер (сауда тізілімінен үзінді көшірме немесе өтініш иесі шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа заңдастырылған құжат);
2) өтініш иесі пайдалануға беру үшін сұрап отырған тиісті жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумаққа нұсқау;
3) сұралатын жер қойнауы учаскесін пайдалану мерзіміне нұсқау;
4) осы Кодекстің 249-бабына сәйкес жер қойнауы кеңістігін пайдалану мақсатына нұсқау.
3. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасында көзделген мәліметтерді растайтын құжаттардың көшірмелері;
2) өтініш беру кезінде өтініш иесінің атынан әрекет ететін тұлғаның, егер мұндай тұлғаны өтініш иесі тағайындаған болса, өкілеттігін растайтын құжат;
3) жерасты құрылысжай объектісінің сипаттамасын, оны оқшаулау сипаттамасын, тау-кен жыныстарының типін, коллектор қаттарының жерасты тереңдігін және тиімді қуатын, оның алаңын, кеуектілік коэффициентін, төселетін және жабылатын су тірегінің сипаттамасын, жерасты суларының табиғи ағысының жылдамдығын, көмудің, қоймаға жинап қою мен ағызудың сапалық және сандық көрсеткіштерін, тау-кен техникалық, арнаулы инженерлік-геологиялық, гидрогеологиялық және экологиялық шарттарын қамтитын, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысан бойынша геологиялық есеп;
4) өнімнің атауы, ол түзілетін техникалық өндіріс немесе процесс, оның физикалық сипаттамасы, толық химиялық құрамы, уытты құрауыштардың болуы, өрт қаупі, жарылыс қаупі, ерігіштігі, сақтау кезінде басқа заттармен үйлесімділігі, негізгі ластаушы радионуклидтер, олардың белсенділігі, сондай-ақ тасымалдау жүйесінің сипаттамасы көрсетіле отырып, зиянды, улы заттардың, қатты және сұйық қалдықтардың, сарқынды және өнеркәсіптік сулардың сипаттамасы.
4. Өтінішке қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін нотариат куәландыруға тиіс.
5. Өтініш пен оған қоса берілетін құжаттар қазақ және орыс тілдерінде жасалуға тиіс. Егер өтінішті шетелдік немесе шетелдік заңды тұлға берсе, оған қоса берілетін құжаттар, әрбір құжатқа қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы міндетті түрде қоса беріліп өзге тілде де жасалуы мүмкін, аударманың дұрыстығын нотариус куәландырады.
6. Өтінішті беру кезі жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға өтініш келіп түскен күнмен және уақытпен айқындалады және есепке алуға жатады.
7. Берілген өтініш туралы мәліметтер өтініш берілген күні жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасында орналастырылады және:
1) өтініш иесінің (тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілсе) атауын;
2) өтініш иесі пайдалануға беруге сұрап отырған жер қойнауы учаскесін айқындайтын аумақ координаттарын;
3) өтініш келіп түскен күн мен уақытты қамтиды.
Ескерту. 251-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 30.12.2025 № 249-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Саламатсызба , менің 5 жыл бұрын қайтыс болған анамның атындағы микрокредитты даулап, мұрагерсің деп, енді сотқа беріпті микроұйым. Ол қаншалықты заңды? Қайтыс болғанда неге хабарласпадыңдар десек, біз білмедік дейді. Адам 1 күн төлемесе де звондап іздейді емес пе? Біздің өзіміз, анамыз қайтқанда, банктерден қарыз бар жоғын анықтап арыз жазып кеттік. Бырақ ол арыз тіркелмеген екен. Страх.полис уақыты анам қайтқан соң бір жыл ішінде уақыты бітіп кеткен. Ең алдымен анам емес, менің қарыз екенімді көрсетіп, арыз түскен сотқа, шешім шығарып қойған соң, ЧСИ шотымды арестке жіберді, сол кезде бір ақ білдім. Сотқа істі қайта қарау туралы арыз жаздым. Банктен мен қарыз емес деген 4 анықтама берді, сотқа өткіздім, енді мәселе щещілдіма десем , анам қарыз екені анықталды. Онда неге мені қарыз деп, кейін темагы ауыстыра салды білмеймін, түсіндірмеді ресми түрде. Сот шешім қалдады деп. Сот сонда дәлелсіз шещім шығара салады ма? Сосын мен анамның ЕНПФ тен 4/1 бөлігі маған, 4/3 бөлігі сіңіліме аударылған болатын. Не үшін бұл Solvo ұжымы бұлай жасады , түсініксіз. Сот енді болады. Сізден кеңес күтемін өтініш ? айтып жібересіз бе?
Добрый день! Я ЧСИ могу ли я сдать декларацию формы 200 за второй квартал 09.07.2026 года то есть раньше 15 числа следующего месяца налогового периода
Рекомендованные страницы
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 86-бап. Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензияны беру туралы өтініш Төрелік туралы 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар КР Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі 118-бап. Соттың ұйғарымы ҚР КЕДЕНДІК РЕТТЕУ ТУРАЛЫ 223-бап. Тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру шарттары Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және филиалдар мен өкiлдiктердi есептiк тiркеу туралы 12-бап. Заңды тұлғаны, филиалды (өкiлдiктi) мемлекеттiк (есептiк) тiркеуді (қайта тіркеуді) растайтын құжатРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей