Ст. 252 Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VІ ҚРЗ
Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы
252-бап. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру туралы өтінішті қарау
1. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтініш пен оған қоса берілетін құжаттарды келіп түскен күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде қарайды.
Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган өтінішті қарау процесінде өтінішке қоса берілген геологиялық есепке мемлекеттік сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасын жер қойнауының сараптамасы жөніндегі мемлекеттік комиссия екі ай ішінде жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүргізеді. Осы мерзімді жер қойнауының сараптамасы жөніндегі мемлекеттік комиссия қосымша зерттеулер жүргізуге, қажетті материалдар ұсыну мен комиссия мүшелерінің алдын ала ескертулері мен ұсыныстарын жоюға қажетті, бірақ алты айдан аспайтын мерзімге ұзарта алады. Геологиялық есептің мемлекеттік сараптамасының теріс қорытындысы жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензия беруден бас тартуға негіз болып табылады.
Мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда және жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беруден бас тарту үшін осы Кодекстің 254-бабы 1-тармағының 1) – 7) тармақшаларында көзделген негіздер болмаған кезде, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган жер қойнауының сараптамасы жөніндегі мемлекеттік комиссия оң қорытынды шығарған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде өтініш иесіне жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасын және жою жоспарын дайындау, сондай-ақ олар бойынша осы тарауда көзделген сараптамалар мен келісу жүргізу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.
Өтініш иесі жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасына және жою жоспарына жасалған сараптамалар мен келісудің оң қорытындыларын осы тармақтың үшінші бөлігінде көзделген хабардар ету күнінен бастап бір жылдан кешіктірмей жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға ұсынуға тиіс.
Өтініш иесі жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті органға көрсетілген мерзімді ұзарту қажеттілігін негіздей отырып, осындай ұзарту үшін жүгінуге құқылы. Егер мұндай ұзарту қажеттілігі өтініш иесіне байланысты емес мән-жайлардан туындаса, жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы мерзімді осы тармақтың төртінші бөлігінде көрсетілген мерзім өткен күннен бастап алты айдан аспайтын кезеңге ұзартады.
2. Жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімдер сақталған кезде, жер қойнауы кеңістігін пайдалану жобасы мен жою жоспары сараптамаларының оң қорытындылары ұсынылған күннен бастап бес күн ішінде өтініш иесіне жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны береді.
3. Жер қойнауы кеңістігін пайдалануға арналған лицензияны беру жер қойнауын пайдаланушыға облыстың жергілікті атқарушы органының Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес жер учаскесіне жер пайдалану құқығын беруі үшін негіз болып табылады.
4. Осы баптың мақсаттары үшін жою жоспарын дайындау, ұсыну және оған сараптама жасау осы Кодекстің 260-бабында көзделген жағдайларда талап етіледі.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Александр
michaelbates
Erik
Нет, не имеет права ставить договор “исполнен”, если оплата поставщику не произведена.
Основание: п. 9 ст. 17 Закона РК “О государственных закупках”: договор считается исполненным только при полном выполнении заказчиком и поставщиком принятых обязательств. Оплата — это обязательство заказчика
После увольнения работодатель обязан выплатить компенсацию за все неиспользованные дни отпуска, в том числе за дни, которые остались из-за отзывов из отпуска. Основание — ст. 96 ТК РК.
Да, можно без заявления работника, если он на испытательном сроке и есть отрицательный результат работы. Но в любом случае документы необходимо оформить правильно
Добрый день! могу ли я уволить работника без заявление? работник на испытательном сроке
были отзывы с ежегодных трудовых отпусков не однократно положено ли компенсация за не использованные дни отпуска после увольнение должен ли быть возврат отпускных ,а также работодатель мотивирует что после отзыва с отпуска получал заработную плату ?
Разместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей