Ст. 18 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
18-бап. Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту
1. Мынадай төтенше жағдайларға: 1) дүлей зілзалаларға, апаттарға, аварияларға, авариялық жағдайға және адамдардың өміріне немесе денсаулығына, қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың, сондай-ақ әуе кемесінің қауіпсіздігіне қатер төндіретін басқа да жағдайларға;
2) қазақстандық немесе шетелдік бүлінген кемені, шетелдік әскери корабльді, мұз үстімен жылжитын құралдарды тіркеп сүйретуге;
3) құтқарылған адамдарды жеткізуге;
4) қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың экипаж мүшелеріне немесе жолаушыларына шұғыл медициналық көмек көрсетуге байланысты Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өту (белгіленген орындардан, теңіз немесе әуе дәліздерінен тыс) оны кесіп өту тәртібін бұзу болып табылмайды.
2. Қазақстандық немесе шетелдік кеменің, шетелдік әскери корабльдің, мұз үстімен жылжитын құралдардың капитаны (кеме жүргізушісі), әуе кемесінің командирі Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай бағытта жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне дереу хабар беретін жақын жердегі қазақстандық теңіз немесе өзен портының, әуежайдың немесе әуеайлақтың әкімшілігін дереу хабардар етуге;
2) көмек көрсету немесе болған мән-жайларды анықтау үшін келген, уәкілетті органдардың, Қазақстан Республикасының шекаралық немесе әскери кораблі командирінің, теңіз, өзен кемесі капитанының немесе әуе кемесі командирінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
3. Өзге де адамдар және көлік құралдары Мемлекеттік шекараны мәжбүрлі түрде кесіп өткен немесе Мемлекеттік шекарадан өткізу пункттеріне дейін немесе кері қарай жүрудің осы Заңда айқындалған тәртібін мәжбүрлі түрде сақтамаған жағдайда:
1) бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің жақын жердегі аумақтық бөлімшесінің (құрылымдық бөлімшесінің) басшылығына дереу хабардар етуге;
2) болған мән-жайларды анықтау үшін келген, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі өкілінің нұсқауларына сәйкес әрекет етуге міндетті.
Ескерту. 18-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.11.2020 № 375-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
О карантине растений Статья 7-1. Функции государственных учреждений по обеспечению карантина растений Волонтерлік қызмет туралы 6-бап. Волонтерлік қызметтің нысандары мен түрлері Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметi туралы 33-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 57-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттік кіріс органдарының құзыреті Құқық қорғау қызметi туралы 81-бап. Жұмыстан шығарудың тәртібі және шарттарыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей