Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 19 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 70-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.03.2024

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы
19-бап. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу. Өткізу пункттері

1. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес ашылған өткізу пункттерiнде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын, Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда жүргізіледі. 

2. Өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ олардың жұмысын техникалық жарақтандыру және ұйымдастыру бойынша талаптарды Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 

3. Өткізу пункттерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 

4. Өткізу пункттерінде шекаралық, кедендік, көліктік, санитариялық-карантиндік, ветеринариялық, фитосанитариялық бақылауды және өзіндік ерекшелігі бар тауарлардың өткізілуін бақылауды ұйымдастыру үшін өз құзыреті шегінде жауап беретін бақылаушы органдардың бөлімшелері орналастырылады. 

5. Өткізу пункттерінде, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орындарда адамдарды өткізген кезде Мемлекеттік шекара ретінде паспорттық бақылау сызығы қолданылады. 

5-1. Шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының, инкассация қызметі жұмыскерлерінің, сондай-ақ қызметтік қажеттілікке байланысты осындай арнайы экономикалық аймаққа келетін адамдардың осындай экономикалық аймақтың аумағына кіруі және аумағынан шығуы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады. 

Инкассация қызметінің арнайы автомобиль көлігінің кіруі мен шығуын жүзеге асыру пломбаланған инкассаторлық қаптарды (сөмкелерді) ашпай, оны жете тексеру (қажет болған кезде) арқылы жүргізіледі. 

Тасымалданатын бағалы жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инкассация қызметі жұмыскерлерінің шектері Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасының учаскелерімен толық немесе ішінара тұспа-тұс келетін арнайы экономикалық аймақтың аумағында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке қорғану құралдарын пайдалануға, қызметтік қару мен оның патрондарын сақтауға және алып жүруге құқығы бар. 

6. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды, көлiк құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі жүзеге асырады. 

7. Мемлекеттік шекара арқылы адамдарды өткізу Қазақстан Республикасына кіру немесе Қазақстан Республикасынан шығу құқығын беретін құжаттар болған, сондай-ақ осы адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер болмаған кезде жүзеге асырылады. 

8. Мемлекеттік шекара арқылы көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды өткізу мемлекеттік кіріс органдарының және өзге де бақылаушы органдардың көлік құралдарын, жүктер мен тауарларды Қазақстан Республикасына әкелу немесе Қазақстан Республикасынан әкету құқығына рұқсат беру белгілері болған кезде жүзеге асырылады. 

8-1. Автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы, оның ішінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып өткізу Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен ақылы негізде жүзеге асырылуы мүмкін. 

Бұл ретте айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысы және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттігі туралы нұсқамасы, ақылы автомобиль жолдарымен (учаскелерімен) жүріп өткені үшін берешегі бар автомобиль көлігі құралдарының иелері – бейрезиденттер және электрондық кезек жүйесін пайдаланушылар – бейрезиденттер мұндай төлемдер мен айыппұлдарды төлегенге дейінгі электрондық кезек жүйесінде тіркелуге жатпайды. 

Электрондық кезек жүйесін әзірлеуді, ендіруді және оның жұмыс істеуін, сондай-ақ автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізгені және электрондық кезекті брондағаны үшін төлемақы алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметімен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігін қолдану не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де тетіктерді қолдану арқылы жүзеге асырады. 

Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі шеңберінде электрондық кезек жүйесін пайдалана отырып, автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізу кезінде ақы төленетін өзге де көрсетілетін қызметтерді ұсынуға тыйым салынады. 

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, автомобиль көлігі құралдарын, жүктер мен тауарларды Мемлекеттік шекара арқылы өткізгені, сондай-ақ олардың электрондық кезек бойынша өткені үшін төлемақы мөлшерін монополияға қарсы органмен келісу бойынша салықтардың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган және кеден ісі саласындағы уәкілетті орган айқындайды. 

9. Мемлекеттік шекара арқылы өткізу шекаралық бақылау рәсімі біткеннен кейін және өткізу пункті, сондай-ақ Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орын шегінен адам, көлік құралы шыққан немесе жүктер мен тауарлар әкетілген кезде аяқталды деп есептеледі. 

10. Қазақстан Республикасына кіруге рұқсат етілмеген не кіруі шектелген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ өздеріне қатысты Қазақстан Республикасынан шығуға тыйым салу туралы шешім қабылданған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Мемлекеттік шекара арқылы өткізілуге жатпайды. Өткізу пунктіне немесе Мемлекеттік шекара арқылы өткізу жүзеге асырылатын өзге де орынға келген және Мемлекеттік шекара арқылы өткізу үшін негіздері жоқ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес өздері қайдан келсе, сол елге немесе өзі азаматы болып табылатын елге қайтарылады. 

Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 07.11.2014 N 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 05.05.2017 № 59-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 03.04.2019 № 243-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 28.12.2022 № 173-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2022 № 174-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...17 18 19 20 21 ...80

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

При проверки сотрудниками сейфа сигнализация сработала как нужно, сверили номера ружей, затем потребовали сертификат на сигнализацию который я не смог предоставить. Выписали штраф

Законно ли это действие Костанай


толық емес жұмыс уақыты бойынша еңбек шартына жыл сайынғы ақылы еңбек ақы төленеді ме?

Трудовой договор по совместительству смогу ли я получит ежегодный оплачиваемый отпуск?


здравствуйте 22.02.24. Составили протокол по 432-2 ст. Административное правонарушение . То что я как покурил бросил окурок на землю , но я не бросал его а положил на железное ограждения, и начал разгружать машину ,после собирался забрать и выбросить в урну, но подошли сотрудники, и составили протокол. Подскажите что делать. Я не подписывал протокол,а указал что не согласен





345 часть 3 получил ограничения свободы на 2 года 5 месяцев. Когда можно ходатайство подать, чтобы убрать ограничение свободы. Неше ай уакыт оту керек. Рахмет


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться