Ст. 70 Құқық қорғау қызметi туралы 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-IV
Құқық қорғау қызметi туралы
70-бап. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен зейнеткерлерін медициналық және санаториялық-курорттық қамтамасыз ету
1. Қызметкерлерді медициналық қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Тізбесін Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы бекітетін қызметкерлердің жекелеген санаттарына медициналық көмек Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық ұйымдарында:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде;
3) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы айқындайтын түрлер бойынша және көлемдерде бюджет қаражаты есебінен көрсетіледі.
2. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеру орнында немесе тұрғылықты жерінде ішкі істер органдарының медициналық ұйымдары немесе оларда тиісті бөлімшелер, мамандар не арнаулы жабдық болмаған кезде медициналық көрсетілімдер бойынша қызметкерлерге медициналық көмекті денсаулық сақтау субъектілері:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетеді.
Қызметкерлерге осы тармақтың бірінші бөлігінің 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры жүзеге асырады.
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде қызметкерлерге медициналық көмек көрсету бойынша денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуге әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының шығындарын өтеу денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға көзделген бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Қызметкерлер Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен тиісті денсаулық сақтау ұйымдарында санаториялық-курорттық емделумен қамтамасыз етіледі.
Қызметтік міндеттерін атқару кезінде мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) қызметкерлер бюджет қаражаты есебінен санаториялық-курорттық емделуге жіберіледі.
4. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерінің, сондай-ақ зейнеткерлерінің ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық көмекке құқығы бар.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген адамдарға медициналық көмек көрсету бойынша ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарының көрсетілетін қызметтеріне ақы төлеуді әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры:
1) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде;
2) "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде жүзеге асырады.
5. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелері, сондай-ақ зейнеткерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен ішкі істер органдарының медициналық ұйымдарында медициналық және санаториялық-курорттық қызмет көрсетуді пайдаланады.
6. Ішкі істер органдарының тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласындағы мемлекеттік мекемелері кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыруға құқылы.
Ескерту. 70-бап жаңа редакцияда - ҚР 30.06.2017 № 80-VI Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
10-тарау. ДЕМАЛЫСТАР
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77082675787, +77751122089, WhatsApp, Уголовные и гражданские дела, онлайн/офлайн
Арман
Александр
michaelbates
Erik
көпбалалы болып пенсияға шыққан кісі әлі жұмыс жасайды. осы кісіге кандай налогтар ұсталады?
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы 50%экологиялық аймаққа жатады.
5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар неге тұрақты жұмыс істеуге құқығы жоқ. 61 жасқа дейін жұмыс жасауға болады. Мансап орталығына тіркемейді база қабылдамайды Зейнеткердеп. 5 бала санымен Зейнетке шыққан Аналар 3000 теңгемен 10-15-18-20-22-24 мың мен шыққан өмір сүру мүмкін емес. Қоғамдық жұмысқа орналаса алмайды енді штатқа тұрайын десе Мансап қабылдамайды не істеу керек....
Қайырлы күн. Компанияның басшысы қайтыс болған. Жұбайы көп балалы ана.Компанияның алашақ ақшасын алу үшін;Экономикалық сотқа;Мемлекеттік баж төлеуден босатылама,белгілі мөлшердеме, кейінге қалдыруға болмайма.Қаражаттың жетіспеуіне,көпбалалы болуына байланысты қарау керек емеспа.3%-пайыз емес.Азайту мөлшері бар емеспа,шекті мөлшері. 616 бапқа сәйкес қарамайма соттар.
Добрый день! Подскажите, пожалуйста, сколько дней очередного отпуска оплачивается? 24 или 18, т.е. за минусом выходных дней. У нас 18. В ст. 88ТК РК написано 24. Спасибо.
Читать еще раз
Құқық қорғау қызметi туралы 16-бап. Қызметкерлердің құқық қорғау қызметін өткеруге байланысты міндеттері Мемлекеттiк кәсiпорын туралы 8-бап. Мемлекеттiк кәсiпорын қызметiнiң мәнi мен мақсаты Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 63-бап. Мемлекеттік шекараны қорғауға қатысатын уәкілетті органдардың өзара іс-қимыл жасауы Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы 44-бап. Ішкі және аумақтық сулар режимі Құқық қорғау қызметi туралы 60-бап. Арнаулы құралдар мен дене күшін қолдануРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей