Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 12 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 31.10.2026

ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
12-бап. Жеке бастың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

1. Сотталғандар мен басқа да адамдардың тарапынан сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнген кезде, ол жазаны орындайтын мекеменің немесе органның кез келген қызметкеріне қатерді жою туралы өтінумен жазбаша немесе ауызша жүгінуге құқылы. 

Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның қызметкері қатерді жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру және алып кету арқылы дереу шаралар қолдануға міндетті. 

Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамның өміріне, денсаулығына не қадір-қасиетіне қатер төнгенін анықтаған кезде, олар мұны жою бойынша, оның ішінде сотталған адамды оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру арқылы дереу шаралар қолданады. 

2. Екі және одан көп сотталған адамға қатер төнгені анықталған жағдайда, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі қатер көзін оның келісу-келіспеуіне қарамастан, қауіпсіз орынға ауыстыру бойынша дереу шаралар қолданады. 

3. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысы бойынша отыз тәулікке дейінгі мерзімге жүргізіледі. Сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы қаулының көшірмесі келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей прокурорға жіберіледі. 

Бастық болмаған жағдайда, сотталған адамды қауіпсіз орынға ауыстыру туралы шешімді жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының кезекші көмекшісі ол келгенге дейін, бірақ жиырма төрт сағаттан аспайтын уақытқа қабылдайды. 

4. Сотталған адамның қауіпсіз орында болуын отыз тәулікке дейінгі мерзімге ұзарту жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының прокурормен келісілген қаулысы бойынша жүзеге асырылады. 

5. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қатер сақталған кезде, жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамды жазасын одан әрі өтеуі үшін жазаны орындайтын өзге мекемеге немесе органға жіберу жөнінде шаралар қолдануға міндетті. 

6. Қауіпсіз орынға ауыстырылған сотталған адам қауіпсіз орынға ауыстырылғанға дейін өзіне айқындалған ұстау жағдайларында жазасын өтейді. 

7. Жазаны орындайтын мекеменің немесе органның бастығы қауіпсіздік шараларын қолдану туралы шешім қабылдайтын және оларды қылмыстық сот ісін жүргізудің қатысушысы болып табылатын сотталған адамға қатысты жүзеге асыратын органдарға жәрдем көрсетуге міндетті. 

8. Мекемелерде қауіпсіз орын ретінде тәртіптік изоляторлар камералары, уақытша оқшаулау үй-жайлары, қамаққа алуды өтеу орындарында – жалғыз адамдық камералар пайдаланылуы мүмкін. 

9. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көрсетілген қатер болмаған не жойылған жағдайда жазаны орындайтын мекеменің немесе органның әкімшілігі сотталған адамды қауіпсіз орында ұстауды тоқтатады. Сотталған адамды қауіпсіз орында ұстауды тоқтату прокурормен келісім бойынша жазаны орындайтын мекеме немесе орган бастығының қаулысымен ресімделеді. 

Ескерту. 12-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 16.07.2025 № 210-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...10 11 12 13 14 ...177

Перейти к статье
Добавить комментарий
Новые комментарии на сайте

я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть


Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?


Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует


Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.


Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.


Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться