Ст. 14 ҚР Қылмыстық-атқару кодексi 2014 жылғы 5 шілдедегі № 234-V
ҚР Қылмыстық-атқару кодексi
14-бап. Сотталғандардың шағыным жасауы
1. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың жоғары тұрған басқару органдарына, сотқа,прокуратура органдарына, өзге де мемлекеттік органдарға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдарға жіберетін шағынымдары жазаны орындайтын мекемелердің немесе органдардың әкімшілігі арқылы жіберіледі. Сотталғандар сотқа, прокуратура органдарына және өзге де мемлекеттік органдарға жіберетін шағынымдарды электрондық құжат түрінде бере алады. Әкімшіліктер мұндай шағынымдардың сотталғандарға қолжетімді жерлерде мекемелердің ішкі тәртіптеме қағидаларында белгіленген тәртіппен берілуін қамтамасыз ететін камералық ұстау жағдайларындағы мекемелерді қоспағанда, мекемелердің әкімшіліктері мұндай шағынымдардың бас бостандығынан айыруға сотталғандардың тікелей тұратын орындарында берілуін қамтамасыз етеді. Өзге жаза түрлеріне және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларына сотталғандар шағынымдарын өздері жібереді. 2. Жазаны орындайтын мекемелер мен органдарда олардың лауазымды адамдарының құқыққа сыйымсыз әрекеттеріне сотталғандардың шағынымдар беруіне арналған арнаулы жәшіктердің жұмыс істеуі қамтамасыз етіледі. Арнаулы жәшіктерге салынған шағынымдарды прокурор жазаны орындайтын мекеме немесе орган әкімшілігі өкілдерінің қатысуымен аптасына бір реттік кезеңділікпен алып отырады, бұл жөнінде акт жасалады. Арнаулы жәшіктер жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың аумағында және үй-жайларында сотталғандарға қолжетімді жерлерде орнатылады.
3. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандардың жазаны орындайтын мекемелер мен органдардың қызметін бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілге жіберетін шағынымдары бақылануға жатпайды және бір тәуліктен кешіктірілмей адресатқа жіберіледі.
4. Бас бостандығынан айыруға немесе қамаққа алуға сотталған адамның адвокатпен хат жазысуы бақылауға жатпайды.
5. Қамаққа алуға, бас бостандығынан айыруға сотталғандар ұлттық алдын алу тетігінің қатысушылары арқылы азаптаудың және басқа да қатыгездік, адамшылыққа жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарекеттер мен жазалау түрлерінің қолданылғаны туралы өтініш жібере алады.
6. Сотталған адамның атынан шағынымды оның келісімінсіз кез келген адам ұсына алмайды.
7. Сотталғандардың жазаларды орындайтын мекемелер мен органдар әкімшілігінің шешімдеріне немесе әрекеттеріне байланысты шағынымдары, заңда көзделген жағдайлардан басқа кезде, олардың орындалуын тоқтата тұрмайды.
8. Шағым берген сотталған адам шағым бойынша қабылданған шешім туралы хабардар етілуге тиіс. Шағымды қанағаттандырудан бас тарту уәжді болуға тиіс.
9. Шағым берген сотталған адамға зиян келтіру үшін шағымды пайдалануға жол берілмейді.
Ескерту. 14-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР ҚР 27.12.2019 № 292-VІ (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 29.12.2021 № 89-VII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 10.02.2025 № 164-VIII (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
4-тарау. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ ЖАЗАЛАРДЫ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ
ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЫҚПАЛ ЕТУ ШАРАЛАРЫН ОРЫНДАУ
САЛАСЫНДАҒЫ ҚҰЗЫРЕТІ
Лучшие юристы
Адвокат Тустаев Толеген Жангелдинович +77751122089 +77082675787 Астана и выезд в регионы, консультации офлайн/онлайн WhatsApp
Арман
Erik
Александр
Жан
я являюсь заведующим отделением в медицинском центре, под моим подчинением есть медицинские сотрудники, среди них работает моя супруга с законным бракосочетанием. (в браке более 10 лет) Так работаем более 5 лет, и по профессии к денежным и финансовым вопросам отношения не имею. по закону противодействию коррупцию в статьях 14 и 15 указано что запрещается такие связи. как быть
Должен ли участковый терапевт направить на спец лечение с превышением свинца в крови если отсутствует профпатолог?
Если гослужащии нарушил ограничение и осуществил разовое предпринимательскую деятельность на сумму 2400 тенге какое наказание последует
Жаңа туған нәрестенің табиғи жылауы қасақана тыныштық бұзу болып саналмайды, сондықтан әдетте айыппұл салынбауы тиіс. Полиция келсе, жағдайды түсіндіріңіз. Егер хаттама толтырса, қол қоярда: «Келіспеймін, шу жаңа туған баланың табиғи жылауынан болды» деп жазыңыз және көшірмесін алыңыз. ҚР ӘҚБтК-нің 437-бабы қасақана жасалған шуға қатысты.
Сәлеметсіз бе. Микро қаржы ұйымының талабы автоматты түрде заңды емес. Мұрагер анасының қарызы бойынша тек өзі алған мұраның құны шегінде жауап береді. Бес жылдық талап қою мерзімі, сақтандыру полисі және қарыздың нақты есебі тексерілуі қажет. Сізді бастапқыда жеке қарыз алушы ретінде көрсетуі де күмәнді. Нақты кеңес беру үшін талап арызды, сот актілерін, микрокредит шарты мен сақтандыру полисін көру керек.
Рекомендованные страницы
ҚР Қылмыстық Кодексi 122-бап. Көрінеу он алты жасқа толмаған адаммен жыныстық қатынас немесе сексуалдық сипаттағы өзге де әрекеттерді жасау, сол сияқты көрінеу кәмелетке толмаған адам көрсететін жезөк... ҚР Орман кодексi Кәсiптiк одақтар туралы 14-бап. Жергілікті кәсіподақ ҚР Азаматтық процестік кодексі 439-бап. Наразылық келтіру ҚР Бюджет кодексi 140-бап. Жергілікті атқарушы органдардың борышы және жергілікті атқарушы органдардың қарыз алуыРазместите информацию о себе
- Это бесплатно
- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта
- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день
- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей