Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< Азаматтық қорғаныс туралы

Азаматтық қорғаныс туралы
18-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Азаматтық  қорғаныс саласындағы құзыретi



Ст. 18 Азаматтық қорғаныс туралы



Қазақстан Республикасының Үкiметi:

Қазақстан Республикасының Азаматтық қорғанысына басшылық жасайды;

азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлейдi және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

Азаматтық қорғанысты дамыту мен жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын, оны қаржыландыру мен материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету тәртiбiн белгiлейдi;

республика экономикасының бейбiт және соғыс уақытында жұмыс iстеу орнықтылығын арттыру жөнiндегi шараларды әзiрлеу мен жүргiзуге басшылықты жүзеге асырады;

қалаларды азаматтық қорғаныс бойынша топтарға, ұйымдарды - санаттарға жатқызу тәртiбi мен өлшемдерiн бекiтедi;

Азаматтық қорғаныс жүйесiн бейбiт жағдайдан соғыс жағдайына көшiру, эвакуация шараларын жүргiзу тәртiбiн айқындайды;

iрi көлемдi авариялар, апаттар мен табиғи зiлзалалар кезiнде авариялық-құтқару жұмыстарын жүргiзу үшiн Қазақстан Республикасы Азаматтық қорғанысының жекелеген әскер бөлiмдерiн өрiстетуге шешiм қабылдайды;

өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

Ескерту. 18-бапқа өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР 2011.07.05 № 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгiзiледi); 03.07.2013 № 124-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.  

Статья 1 ...17 17-1 18 19 20 ...32 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 18-бап Азаматтық қорғаныс туралы